AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әйел әскери қызметшілер де мергендік шеберлігін кө...

Әйел әскери қызметшілер де мергендік шеберлігін көрсетті

Әлеумет 17.05.2024, 09:21 1,013 Нұржамал Әлішева
Әйел әскери қызметшілер де мергендік шеберлігін көрсетті
Almaty-akshamy.kz

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік қарудан ату бойынша жеке командалық біріншілігі Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінің “Ақтас” оқу орталығының базасында өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бастығы подполковник Салауат Төреғалиевтің жетекшілігімен өткен жарысқа Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Талдықорған қалаларынан Ұлттық ұланның 50-ден астам әскери қызметшісі қатысты. Сондай-ақ, сайыста атыс қаруын ату дағдыларын әйел әскери қызметшілер де көрсетті.

Жаттығуларда Макаров тапаншасы, Калашников автоматы және Драгуновтың мергендік винтовкасы қолданылды.

Екі күндік жарыстың қорытындысында бірінші жалпы командалық орынды 5547 әскери бөлімінің командасы (Қызылорда қаласы), екінші орынды 5513 әскери бөлімінің командасы (Тараз қаласы), ал үшінші орынды 6698 әскери бөлімінің командасы (Шымкент қаласы) иеленді.

“Бұл жарыстар әскери қызметшілерге өздерінің дағдылары мен кәсібиліктерін көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, Ұлттық ұланның жауынгерлік дайындығын нығайтуға септігін тигізді. Барлық жеңімпазды құттықтаймын. Біз қаруды тек оқу мақсатында қолданамыз деп үміттенемін”, - деді “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Павел Ситников.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мерген #әскер #шеберлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);