AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Айдын Рахымбаев қазақ тіліне 150 млн теңге бермек

Айдын Рахымбаев қазақ тіліне 150 млн теңге бермек

Мәдениет 08.02.2024, 13:10 1,231
Айдын Рахымбаев қазақ тіліне 150 млн теңге бермек
Сурет: интернеттен

Қазақ тілін дамыту жобалары мен байқаулары жақында басталады.


BI Group құрылыс холдингі Qazaq Tili Endowment Qory-на 100 млн теңге көлемінде үлес қосады. Одан бөлек, қазақ тілін қолдауға арналған стартаптарға 50 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


BI Group басшылығы мен Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы қазақ тілін дамыту бағытындағы жобаларды жүзеге асыру үшін ұзақмерзімді әріптестік орнатты. Холдинг Qazaq Tili Endowment Qory-на 100 млн теңге көлемінде үлес қосады.


Оған қоса, BI Group басшылығы мен Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы тіл үйренуге арналған Qazaq Lingo қосымшасын дамыту, балаларға арналған кітаптар мен өзге де маңызды жобаларды бірлесе жүзеге асыруға келісім жасады. Холдинг осы жобаларды жүзеге асыруға 50 млн теңге бөледі. Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы BI Group қолдауымен қазақ тіліндегі сапалы контент қорын көбейту үшін түрлі байқаулар ұйымдастыруды да жоспарлады. 



«Біздің компания ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мен дамытуда маңызды саналатын қоғамдық істердің үнемі басында келеді. Мәселен, шетелдік фильмдерді қазақ тіліне дубляждауға ұзақ жылдардан бері қаржылай қолдау көрсетіп келеміз. BINOM инновациялық мектептері Ыбырай Алтынсарин, Қаныш Сәтпаев, Әбіш Кекілбаев сынды қазақ ағартушылары мен ғалымдарының есімдерімен аталады. Ұлттық киім күні, сондай-ақ, Қазақ тілі күні біздің корпоративтік мәдениетіміздің бір бөлшегіне айналды. Сондықтан Мемлекет басшысының қазақ тілін дамыту бастамасын қолдау – азаматтық парызымыз. Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамымен әріптестігіміз қазақ тілін дамытуға байланысты көп іске мұрындық болады деп сенеміз», - дейді BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #тіл #Рахимбаев #байқау #қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);