AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Айдын Айымбетов отандық ғарыш кешенін сынақтан өтк...

Айдын Айымбетов отандық ғарыш кешенін сынақтан өткізеді

Әлеумет 12.04.2023, 12:16 991
Айдын Айымбетов отандық ғарыш кешенін сынақтан өткізеді
Cурет: 24.kz

Ғарышкер екінші рет ғарышқа аттанады.


Алайда бұл жолғы сапары жерде өтеді. Ғарышкер екі серігімен бірге Ұлттық ғарыш орталығы аумағында орналасқан Space Nomad тәжірибелік кешенін сынақтан өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Ұлттық ғарыш орталығында орналасқан бұл кешеннің іші ғарыш кемесінің ішкі көрінісіне әбден жақындатылған. Ғалымдар тобы осы кешенге бірнеше күнге кіріп, келешекте ғарышта  жүргізілуі тиіс зерттеулер тізімін анықтайды. Ал алғашқы экипаж екі күн бойы кешен жұмысын сынақтан өткізбек.  Кешеннің Орталық Азияда баламасы жоқ. Бір жылда тұрғызылды. Төрт адамның өмір сүруіне ыңғайлы етіп жабдықталған. Тамақтануы, демалу, жұмыс кестесі ғарыш жағдайына сәйкес түзілген. Қазіргі таңда тағы бірнеше кешен салу жоспары қарастырылуда.




«Жабық кеңістікте адамның психологиялық-физиологиялық жағдайы тексеріледі. Бір сапар отыз күннен бір жылға дейін созылуы мүмкін. Сондай-ақ осы типті бірнеше кешен салынады. Олардың арасында Марстың, Айдың бедері бар кешен құрылысы жоспарлануда», - дейді жоба жетекшісі Рустам Абдрахманов. 



Жобаға шетелдіктер ерекше ықылас танытуда. Кәсіби ғарышкерлермен қатар туристер де кешенге келіп, дайындықтан өтуіне болады.   



«Шетелдік агенттіктер тарапынан халықаралық экипаж құруға қызығушылық бар. Қазіргі уақытта ғалымдардан бөлек туристер қатысатын экипаждар құру нұсқалары талқылануда. Алдағы уақытта бұл экипаждар жасақталады деген ойдамын», - дейді «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Айдын Айымбетов.



Аталған кешен жас ғалымдар үшін қуанышты жаңалық болары сөзсіз. Яғни, аэроғарыш саласына қызығып жүрген студенттер мен оқушылар өз жобаларын осы жерде жүзеге асыруына мүмкіндік бар.



«Space Nomad жобасы тек елімізге ғана емес, жастарға да үлкен көмегін тигізеді. Мектеп оқушылары өз жобаларын экипаж мүшелеріне ұсынып, оларды іс жүзінде тексере алады», - дейді жас ғалым Ерасыл Тәуекел. 



Айта кетейік, келесі сапар шілде айына жоспарланған. Сапарға ғалымдар қатысады деп күтілуде.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғарыш кешені #сынақтан өткізу #ғарышкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);