AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Аида Балаева Вьетнам Социалистік Республикасы Прем...

Аида Балаева Вьетнам Социалистік Республикасы Премьер-министрінің орынбасарымен кездесті

Әлем 26.08.2026, 20:36 331
Аида Балаева Вьетнам Социалистік Республикасы Премьер-министрінің орынбасарымен кездесті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективалы бағыттары талқыланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Вьетнамдағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Вьетнам Социалистік Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Фам Тхи Тхань Чамен кездесті.

«Бүгінде елдеріміз арасындағы қарым-қатынас жаңа кезеңге қадам басты. Өткен жылы Қазақстан мен Вьетнам арасындағы байланыстар стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді. Бұл саяси және экономикалық ынтымақтастықпен қатар, мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты да одан әрі тереңдетуге мол мүмкіндік береді. Біз Вьетнамдағы мәдени және креативті индустриялардың дамуын үлкен қызығушылықпен бақылап отырмыз. Осы орайда кинематография, орындаушылық өнер мен мәдени туризмнен бастап, мәдени мұраны сақтау, дәстүрлі қолөнер және заманауи дизайн салаларына дейінгі бірқатар бағыт бойынша өзара ынтымақтастықтың әлеуеті зор екенін көріп отырмыз. Бұл салалардағы тәжірибе алмасу екіжақты байланыстарымызға тың серпін беретініне сенімдімін», – деді Аида Балаева.

Тараптар дәстүрлі қолөнермен, жергілікті салт-дәстүрлермен және ұлттық тағамдармен танысу, шеберлік сабақтары мен шығармашылық бағдарламаларға қатысу арқылы саяхатшыларды елдің мәдени ортасына етене араластыруды көздейтін креативті туризм саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударды.

Сонымен қатар Аида Балаева кинематография саласындағы байланысты жандандыруды ұсынды. Атап айтқанда, екі елдің кино апталықтарын өткізу, Қазақстан мен Вьетнам кинематографистерінің фестивальдерге қатысу аясын кеңейту, екі мемлекеттің аумағында кино түсірілімдерін ұйымдастыру және бірлескен киножобаларды жүзеге асыру мәселелері сөз болды.

Қазақстан мен Вьетнамның мәдени мұра нысандарын, тарихи қалаларын, музейлерін, қолөнер орталықтарын, фестивальдері мен заманауи мәдени кеңістіктерін қамтитын кешенді туристік бағыттарды бірлесіп әзірлеу де перспективалы бастамалардың бірі ретінде аталды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ықпалдастықты одан әрі нығайтуға және бірлескен бастамаларды ілгерілетуге мүдделі екенін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аида Балаева
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);