Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Айбын» жастар жиыны өтеді

«Айбын» жастар жиыны өтеді

Әлеумет 16.06.2023, 08:21 863
«Айбын» жастар жиыны өтеді
Сурет: ашық дереккөз

17-23 шілде аралығында Қарағанды облысының «Спасск» оқу орталығында жыл сайынғы «Айбын» жастар жиыны өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  


Ведомствоның ақпаратына  бойынша, оқу орталығының аумағында 43 командадан тұратын 700-ден астам жасөспірімдер мен оқушылар үшін шатырлы лагерь ашылған.


Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен жастар жиналады. Оған Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери-патриоттық клубтарының, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің, «Жас ұлан» республикалық мектептерінің, конкурстық іріктеуден өткен облыстық әскери мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері қатысады. Биылғы жиынға алғаш рет Әзербайжан мен Өзбекстанның командалары шақырылып отыр. Байқауға 14-17 жас аралығындағы балалар қатысады.


Байқау бағдарламасында «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны және «Күшіміз – бірлікте» әскери-далалық тактикалық ойыны, «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы және Smart Sarbaz робототехника сайысы бар. Әскери-спорттық, әскери-қолданбалы спорт түрлері және әскерилендірілген эстафета бойынша жарыстар өткізу үшін алаңдар дайындалды.


Жиында әскери техника көрмесі, фильмдер көрсетілімі, мұражайдың көшпелі экспозициясы ұйымдастырылады. Балаларды спорттық ойындар, алау жанындағы кештер мен интерактивті концерт күтеді. Байқауға қатысушылар «Айбын – достық мекені» саябағына ағаш отырғызады. Танымал адамдармен, ардагерлермен, медиа тұлғалармен кездесулер өтеді.


«Айбын» халықаралық жиыны аясында «Бірлік ордасы» көрмесі ұйымдастырылады. Онда Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстанның жас патриоттары өз халқының мәдени жетістіктерін, үздік дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсететін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айбын #жастар #жиын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ываывавыаыа

Бүгін 10:39

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.