Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Айбек Смадияров Қытаймен арадағы визасыз режимге қ...

Айбек Смадияров Қытаймен арадағы визасыз режимге қатысты түсінік берді

Әлеумет 02.05.2023, 15:21 864
Айбек Смадияров Қытаймен арадағы визасыз режимге қатысты түсінік берді
Сурет: Ашық дереккөз

Мамырда аталған келісімге қол қойылуы мүмкін


Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытаймен арадағы визасыз режимге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Кейінгі кездері қоғамда Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режимге қарсы пікірлер айтылып жатыр. Бұл келісімге қол қойылмады. Оған қол қойылса ғана күшіне енеді. Екіншіден, былтыр жаздан бері Қытай азаматтары Қазақстанға 14 күнге визасыз келе алады. Қазақстан көшелерінде қытайлар көп жүрген жоқ. Енді 14 күнге келетін азаматтар 30 күнге келе алады. Келісім Қазақстанға да тиімді болмақ. Егер келісімге қол қойылса, Қазақстан азаматы Қытайға 30 күнге визасыз бара алады», - деді А. Смадияров елордада өткен баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, егер адам 30 күннен аса елде болса, ол міндетті түрде жазаланады. Визасыз режим туристік әрі іскерлік сапарларға арналып отыр. Осы орайда келісімшарттарды бекіту, консультация жүргізу, сондай-ақ басқа да іскерлік қатынастарға бағытталған. Бұл тұрғыда жұмысқа орналасуға рұқсат етілмейді.



«Сондай-ақ, жүк көлігін жүргізушілер де визасыз кіре алады. Бұл біраз мәселені шешеді. Қос ел арасындағы сауда-саттық өсіп, өңіраралық ынтымақтастық нығаяды, экономикамызға әсер етеді. Қытай – алпауыт экономикасы бар мемлекет. Қазақстан – Орталық Азияда Қытаймен визасыз режим орнатқан жалғыз мемлекет. Мұны біз дипломатиялық жеңіс деп есептейміз», - деді ресми өкіл.



Айбек Смадияров мамырда аталған келісімге қол қойылуы мүмкін екенін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#СІМ #Қытай #виза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.