конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Аязда да асфальт төсеуге болады

Аязда да асфальт төсеуге болады

Әлеумет 05.11.2024, 16:46 1,311
Аязда да асфальт төсеуге болады
Сурет: Inbusiness.kz

Қазақстанда асфальтты суық ауа райында төсейді: жаңа технология сынақтан өтуде

Бұл жаңа технология республикандық маңызы бар жолдарда сынақтан өтуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа «жылы асфальт» технологиясы жол жұмысшыларына асфальтбетон қоспасын төсеу кезінде температура талаптарына  өзгерістер енгізіліп, еркіндік беріле бастады. Бұрын асфальт қоспасын төсеу үшін оның температурасы 125–130 градус аралығында, ал ауа температурасы кемінде +5°C болуы керек еді. Енді ғалымдар 90°C температурада қоспа әзірлеуге және ауа температурасы −10°C-ке дейін төмендегенде де асфальт төсеуге мүмкіндік беретін арнайы қоспа әзірледі.

Бұл шешім әсіресе республиканың солтүстік аймақтары үшін маңызды, өйткені онда құрылыс маусымы 3–4 ай ғана жүргізіледі. Жаңа технология асфальттың беріктігін арттырып, асфальт өндіруге жұмсалатын энергия шығындарын азайтуға және қоршаған ортаға әсерін төмендетуге көмектеседі.

Қазіргі уақытта «жылы асфальт» технологиясы Алматы облысындағы республикалық маңызы бар Күрті — Бұрылбайтал жолында сынақтан өтуде.

Бұл бастама Қазақстандағы инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге бағытталған бірнеше жобаның бірі болып табылады. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде «Жолсыз ел — салықсыз ел» атты челлендж аясында жергілікті тұрғындар өз аймақтарындағы жолдардың жағдайы туралы көптеп ақпарат жіберген. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылым мәселелерінің шешілмеуіне негізгі себептердің бірі ретінде сыбайлас жемқорлықты атаған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #Талап #асфальт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);