AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Аягүл феномені

Аягүл феномені

Әлеумет 01.03.2023, 10:13 1,329
Аягүл феномені

Алматы қаласындағы Alatau creative hub орталығында «Аягүл» кітабының таныстырылымы және Аягүл Мантай шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.


Осыдан бір жарым жыл бұрын өмірден мезгілсіз өткен талантты жазушы, «Серпер» сыйлығының, Президент стипендиясының иегері Аягүл Мантай шығармашылығына арналған әдеби кешке журналистер, қаламгерлер, Аягүлдің достары қатысты.




«Аягүл шығармаларына талдау жасаған едім. Оның жазушылық деңгейі жоғары болатын. Жастардың арасында қалам ұстайтындар көп негізі. Бірақ солардың барлығы мықты жазушы емес қой. Талабы жақсы, ниеті күшті, бірақ таланты жетпейтін қалам ұстайтындар да бар. Ал Аягүл болса әдебиетке, прозаға өзінің үнімен ақырын ғана аяңдай басып келіп, оқырмандардың жүрегінен ерекше орын алған болатын. Талантты еңбекпен ұштастырған жазушы, журналист еді», – дейді жазушы, ғалым Нұрдәулет Ақыш.



Алматыдағы кештен кейін қазақ әдебиетіндегі қыздарды қолдау мақсатында «Аягүл Мантай атындағы сыйлық» берілетін болды. Бұл туралы Аягүлмен бір топта бірге оқыған жастар ақылдасып шешкен екен. Тіпті кәсіпкер, Аягүлмен жақын араласқан Бақтыгүл Қамбарова аталған сыйлықтың қаржылай жүлдесін жыл сайын беруді өз мойнына алатынын айтты.



«Аягүлдің кітабын шығаруға ақын, қоғам қайраткері Мақпал Мыса өз үлесін қосты. Ол кітаптың мұқабасына, безендірілуіне дейін көңіл бөліп, бар шаруасын қадағалап отырды. Ақпан айы Ая Мантай феноменіне арналды. 14 ақпан күні кітаптың толық тиражын алдық, бір айда үш қалада – Астана, Шымкент, Алматы қалаларында өтті. Әр қалада кеш өзінше өзгеше өтті. Астанада Аягүлдің бейнесі көбірек ашылды деп келді өткізген қыздар. Шымкентте «асылымызды аялай алмадық» деп жүрген жерлестері сезімге толы, жылы кеш өткізді. Ал Алматыдағы кеште негізінен таланттың тағдырына қоғамның әсерін көбірек айттық. Аягүлдің шығармалары арқылы екінші өмірі басталды. Құрбысы ретінде бойымнан бір ауыр жүк түскендей жеңілдедім», – дейді құрбысы Бану Оңдасынова.



«Аягүл» деп аталатын кітапты Аягүл Мантайдың өмірде жақын, сырлас досы болған Бану Оңдасынова құрастырған. Кітаптың бірінші бөлімінде Аягүлдің жақын араласқан достарының, Мәскеу жоғары оқу орнында бірге оқыған достары мен қаламдастарының естеліктері және Аягүлдің журналистерге берген сұхбаттары енгізілген. Екінші бөлімде Аягүлдің қаламынан туған барлық әңгімесі берілген.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аягүл #кітап #таныстырылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);