AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / АИ-98 бензинінің қоры 2 аптаға жетеді

АИ-98 бензинінің қоры 2 аптаға жетеді

Әлеумет 04.07.2023, 05:44 1,200
АИ-98 бензинінің қоры 2 аптаға жетеді
Сурет: Kapital.uz

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов бүгінгі Үкімет отырысында мұнай өңдеу зауыттарындағы бензин мен дизель қоры туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Жалпы еліміз бойынша бір айға тұтынуға жеткілікті көлемде АИ-92 маркалы бензині мен дизель қоры бар. Ал АИ-98 маркалы бензиннің қоры 2 аптаға жетеді», - деді ол.



Сондай-ақ компания өкілі батыс өңірлердегі төтенше жағдайға тоқталды.



«Кеше түстен кейін сыртқы желілер тарапынан электр энергиясының өшуіне байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтатылды. Дәл осындай себеппен Қарабатандағы газ-химия кешеніндегі жұмыс та апаттық жағдайда тоқтатылды. Электрдің өшуінің салдарынан Атырау мұнай өңдеу зауытының барлық технологиялық қондырғылары қауіпсіз тоқтатылды.


Авариялық жағдайдың алдын алу және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін апатты жою алгоритміне сәйкес барлық қондырғылардан көмірсутегі газы алауға жіберілді.


3 шілдеге қараған түні электр қуатын қайта беру басталғаннан кейін зауыт қолда бар қорлардан мұнай өнімдерін жөнелтуді қайта бастады. Атырау мұнай өңдеу зауыты резервуарында бүгінгі таңда 26 мың тонна автобензин, 33 мың тонна дизель, 1200 тонна сұйытылған мұнай газы бар. Бұл көлемдер 7 күнге тұрақты жөнелтуге жеткілікті», - деді Дәулетжан Хасанов.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#бензин #қоры #мәлімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);