конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының жосп...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының жоспары туралы баяндалды

Әлеумет 23.06.2022, 16:45 1,370
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының жоспары туралы баяндалды
Cурет: Дереккөз

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Facebook парақшасында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының жоспары туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Бүгін Оқу-ағарту, Білім және жоғары білім министрлерімен бірге Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өту барысын талқыладық. «Жыл басынан бері Алаш ардақтысының бейнесін, есімін дәріптеу, ұлт жадында қалдыру мақсатындағы көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ секілді халықаралық ұйымдар аясында да бірқатар ғылыми-ағартушылық бағыттағы жиындар өткізу жоспарда бар. Мысалы, ертең Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің V отырысы болады. Соның шеңберінде А.Байтұрсынұлының мерейтойына арналған конференция өтеді», - деді Мемлекеттік кеңесші. 



Сондай-ақ ол Ұлттық құрылтайда ақын Светқали Нұржан ұлт ұстазының мерейтойы қарсаңында атқарылуы қажет бірнеше ұсыныс айтқанын жеткізді. Ол ұсыныстар жалпыреспубликалық жоспарды жүзеге асыру барысында қаралатын болады.



«Сонымен қатар, бүгін Ұлттық құрылтайдың бір топ мүшелерімен жұмыс кездесуін өткіздік. Кездесуге үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Онда Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысын талқыладық. Оның ішінде Quryltai қосымшасының әзірленуі жөнінде сөз қозғалды. Бұл платформа әрбір азаматқа әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша идеялар мен бастамаларды ұсынуға мүмкіндік беретін болады. Сонымен қатар, әріптестерімізбен бірге алдағы жұмысымыздың форматын белгіледік. Мұндай кездесулер Ұлттық құрылтайдың басқа да мүшелерімен өтетін болады», - деді Ерлан Қарин.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ахмет Байтұрсынов #Мерейтой #150 жыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);