ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған халық...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған халықаралық конференция басталды

Білім және ғылым 25.02.2022, 06:07 2,499
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған халықаралық конференция басталды
Сурет: Bugin.kz
Ұлт ұстазына арналған іс-шара Елордада өтіп жатыр

Ұлт ұстазына арналған іс-шара Елордада өтіп жатыр


Шара ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қариннің баяндамасымен басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Халқымыз өзінің тарихында ерекше орыны бар екі тұлғаны «Ұлт ұстазы» деп ардақтаған. Алдымен, әрине, ұлы Абайды айтамыз. Одан кейін Ахмет Байтұрсынұлының есімі аталады. Алаш көсемі, қазақтың біртуар перзенті Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Бұл мерейтойды ЮНЕСКО деңгейінде атап өтеміз. Тәуелсіздік ұлтымыздың жадын жаңғыртып, тарихи тамырымыздан қайтадан нәр алуымызға жол ашты. Бұл ретте ұлт ұстазының еңбегін зерделеп, оны мол мұрасын ұрпақ санасына сіңіру баршамызға ортақ міндет. Әрине, әлеуметтік желіде бүгін әлемде болып жатқан, бәріміз байқап жатқан дүрбелең оқиғалар кезінде осындай шара өткізудің қандай маңызы бар деп жатқандар бар. Бірақ қандай оқиғалар орын алса да, біз өзіміздің ұлттық күн тәртібімізден ауытқымауымыз керек», - деді Мемлекеттік хатшы.



Оның пайымынша, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы - ұлттық күн тәртібінде тұрған ұлт руханияты үшін үлкен бір маңызды тақырыптардың бірі.



«Осыдан тура бір ғасыр бұрын жұртымыз ұлт зиялыларының бастамасымен Ахаңның 50 жылдығын атап өткенін баршаңыз жақсы білесіздер. Содан бері тура бір ғасыр өтіп отыр. Бір ғасырдан кейін де Ахаң тағы да ұлтты ұйыстырып, ұлт зиялыларын бір жерге жинап отыр. Бұл да - ұрпақтар сабақтастығының бір белгісі. Бүгін, міне, Ахаң аңсаған тәуелсіз елдің ұрпақтары оның 150 жылдық мерейтойында бас қосып отыр», - деді Ерлан Қарин.



Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында өтіп жатқан конференцияға лауазымды мемлекеттік қызметкерлер, алыс-жақын шет мемлекеттердің ғалымдары, алаштанушылар, ахметтанушылар, әдебиетші ғалымдар, тарихшылар, зиялы қауым өкілдері, депутаттар қатысып отыр.


Шарада М. Қойгелдиев, Ш. Құрманбайұлы, Д. Қамзабекұлы, А. Фазылжанова, Ж.Смағұлов, Ө. Әбдиманұлы, А. Ісмақова, Ж. Жақыпов, Ш.Жалмаханов, А.Салқынбай, О. Жұбаева, Қ. Күдеринова, Б. Момынова, Ұ. Еркінбай, Т. Аитова, М.Ермұхамет, Т. Шанбай, С. Аққұлұлы, Р. Имаханбет, Қ. Сақ, А. Әбсадық, Е.Тілешов пен А. Қыдыршаев, т.б. зерттеушілер баяндама оқиды. Сондай-ақ «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ филологиясының мәселелері», «Ахмет Байтұрсынұлы және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар» атты секциялық отырыстар болады.


Конференциядан кейін сағат 18.00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филормонияда «Ұлт ұстазы» атты әдеби-сазды кеш өтеді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.