ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильмнің түсірілімі аяқт...

Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильмнің түсірілімі аяқталды

Не? Қайда? Қашан? 24.11.2022, 10:54 1,537
Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильмнің түсірілімі аяқталды
Сурет: Kazakhcinema.kz
Семейде қазақтың көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері және саяси публицист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Соңғы үкім» тарихи фильмінің түсірілімі аяқталды.

Семейде қазақтың көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері және саяси публицист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Соңғы үкім» тарихи фильмінің түсірілімі аяқталды.


Туынды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен өндіріске енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Жобаның түсірілімі өткен жылы Алматыда басталған. Биыл түсірілім процесінің негізгі бөлігі Семей қаласында және Алматы мен Абай облыстарының табиғи нысандарында өтті.


Қазіргі уақытта картинаны монтаждау кезеңі жүріп жатыр. Ал фильмнің тұсаукесері 2023 жылдың 2 ақпанына жоспарланған.


Себебі осы күні Байтұрсынұлы редактор болған алғашқы кәсіби «Қазақ» газетінің 110 жылдығы тойланады.


Фильм ХХ ғасырдың басындағы қазақ саяси элитасының ең жарқын көшбасшыларының бірі, қазақ грамматикасының негізін қалаушы, ғалым, ақын және публицист өмірінің қырық жылын қамтитын шағын эпизодтардан тұрады.


Киножоба бастауыш мектептің қарапайым оқытушысынан ұлттың ұстазына айналған Ахметтің таңғажайып тағдырына әсер еткен маңызды оқиғалар туралы баяндайды.


«Алаш» партиясының негізін қалаушылардың бірі, қудаланған, бірнеше рет қамауға алынған.


Бірақ, соған қарамастан, толық драма мен трагедияға толы дәуірде әдемі махаббатқа да орын таба білген саясаткер-күрескердің арпалысқа толы өмірі көрсетіледі.


Басты рөлде Азамат Сатыбалды. Сондай-ақ, фильмде Дарья Александрова, Александр Багрянцев, Ерлан Кәрібаев және басқалар ойнады.


«Ахмет Байтұрсынұлы – біздің мақтанышымыз. Менің ойымша, біздің жас ұрпақ осындай фильмдерді көруі тиіс. Өйткені, Ахметтің жасаған ісі, Алашорда қайраткерлерінің ерлігі – бүгін кездеспейтін батылдық. Сондықтан сол кездегі оқиғаларды заманауи көрерменге көрсету керек», - дейді басты рөлді орындап шыққан Азамат Сатыбалды.

Түсірілім тобын режиссерлер Ерлан Нұрмұхамбетов пен Ерген Тоқмурзин басқарды.


Қоюшы-оператор - Марс Омаров. Бас продюсер - Дастан Атығаев. Сценарий авторы - Ғалым Доскен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.