ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Тұлға / Ахмет Байтұрсынұлы: Халықты қаңсылату – обал, халы...

Ахмет Байтұрсынұлы: Халықты қаңсылату – обал, халықты зар жылату – мейірімсіздік, халықты тамақ үшін сату – иттік

Тұлға 05.09.2024, 13:30 2,741
Ахмет Байтұрсынұлы: Халықты қаңсылату – обал, халықты зар жылату – мейірімсіздік, халықты тамақ үшін сату – иттік
aktobetimes.kz
Бүгін, 5 қыркүйек – қазақтың рухани көсемі, ұлт ұстазы, қазақ тілінің реформаторы, көрнекті ғалым, ақын, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Ахмет Байтұрсынұлы өзінің ғұмырын қазақ ұлтының...

Бүгін – қазақтың рухани көсемі, ұлт ұстазы, қазақ тілінің реформаторы, көрнекті ғалым, ақын, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Ахмет Байтұрсынұлы өзінің ғұмырын қазақ ұлтының білімін көтеруге, тілін сақтауға және оны дамытуға арнаған тұлға. Оның еңбегі бүгінгі ұрпақ үшін алтын мұра болып қалды.

 

Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс: Үлкен жұмысқа көп жұмыскер керек.

***

Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.

***

Ел бағатындар – ел бағуларын жақсы білулері керек.

***

Білімді болуға – оқу, бай болуға –кәсіп, күшті болуға – бірлік керек.

***

Ұлт намысы  дегенді қазақтың көбі – екі ауылдың, екі топтың я екі рудың намысы деп ұғады: басқадан кемшілік көрсе – намыстанбайды, кектемейді; бір-бірінен кемшілік көрсе – кегін жібермейді.

***

Балам деген жұрт болмаса – жұртым деген бала қайдан шықсын.

***

Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?!

***

Оқусыз халық қанша бай болса да – біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшеді.

***

Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей берсе – ұлы жұмысы ұлғайып толықпақшы.

***

Қазақтың бас адамдары! Әуелі сіздер адаспаңыздар: адаспас үшін ақылдасып, ойланып, ынтымақпен іс етіңдер.

***

Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай түзу істеңдер! Сендер адассаңдар – арттарыңнан алаш адасады: арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.