ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ағаштарды заңсыз кесу бойынша 100 қылмыстық іс қоз...

Ағаштарды заңсыз кесу бойынша 100 қылмыстық іс қозғалды

Заң мен тəртіп 16.11.2023, 08:03 1,190
Ағаштарды заңсыз кесу бойынша 100 қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Polisia.kz
Елімізде жыл басынан бері полиция қызметкерлері ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау бойынша 100-ге жуық қылмыстық іс қозғады.

Елімізде жыл басынан бері полиция қызметкерлері ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау бойынша 100-ге жуық қылмыстық іс қозғады.


Әкімшілік жауапкершілікке 119 адам тартылды, 9,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Заңсыз кесілген 600 текше метрден астам ағаш тәркіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Polisia.kz-тің мәліметінше, ағаштарды заңсыз кесу фактілері көбіне Алматы, ШҚО және Абай облысында тіркелген. Мысалы, Қызылордада сексеуілді заңсыз кесу фактілері тіркелді. Полицейлер Қызыл кітапқа енген ағаштарды тасымалдаған тұрғынды ұстады. Бұл факті бойынша “Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу” бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Шығыс Қазақстан облысында 19 текше метр болатын балқарағай ағашын заңсыз кесу фактісі анықталды. Келтірілген залал сомасы 1,3 млн теңгеден асты.


Тағы бір мысал – жақында Жетісуда болған жағдай. Браконьерлер мыңға жуық кесілген ағашты сатпақ болған жерінде ұсталған. Аталған фактілерге қатысты “Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер қомақты залал келтіру мен табиғи ресурстардың жойылуына байланысты осы бағыт бойынша қосымша күштер мен құралдарды тарта отырып, “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Операция барысында тәртіп сақшылары қоршаған ортаны қорғау органдарымен бірлесіп, ерекше қорғалатын аумақтарды, қорықтар мен ұлттық парктерді тексереді.



«Естеріңізге сала кетейік, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. ӘҚБтК-нің 381-1-бабы бойынша санкция 50 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейінгі айыппұлды көздейді. Ал елеулі залал келтірілген кезде ҚК-нің 340-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады, ол 160 АЕК-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», – деді ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Төлеубай Мұхамадиев.



ІІМ азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады. Егер сіз ағаштарды заңсыз кесу және тағы да басқа құқық бұзушылық фактілеріне куә болсаңыз, дереу 102 арнасына хабарлауды сұраймыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.