AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / АЭС-ты бейбіт мақсатта пайдалануымыз керек

АЭС-ты бейбіт мақсатта пайдалануымыз керек

АЭС: Референдум 04.09.2024, 14:25 2,294 Рахман Алшанов, «Тұран» университетінің ректоры
АЭС-ты бейбіт мақсатта пайдалануымыз керек
turan.edu.kz/

Қазақстанда атом электр станциясын салу қажеттілігі көптен бері туындаған. Бұған көптеген себептер бар, бірақ ең бастысы – ел экономикасының өсуі және энергия тұтынудың артуы.

Қазіргі таңда Қазақстан Ресейден электр энергиясын сатып алуға мәжбүр. KEGOK жүйесінің диспетчерлік деректеріне сәйкес, 2023 жылы Қазақстан Ресейден 4,99 миллиард кВт•сағат электр энергиясын импорттады, бұл 2022 жылғы 1,93 миллиард кВт•сағатқа қарағанда едәуір көп.

Менің білуімше, біз бұл мәселеде Қырғызстанның да қолдауын іздеген едік. Өзіміздің атом электр станциясы бізге импортты азайтып, басқа елдерге тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындары ашылады, бұл да өте маңызды. Атом станциясының зияны зор деген қорқыныштар бізге генетикалық деңгейде сіңген. Өйткені, кеңестік кезеңде Қазақстан аумағында ядролық сынақтар өткізілген болатын. Оның салдарын әлі күнге дейін тартып келеміз, себебі бұл бірнеше ұрпақтың денсаулығына әсер етті. Алайда, Жапонияға қараңызшы. Хиросима мен Нагасаки қалаларының қайғылы оқиғаларын басынан өткерген ел бүгінде атом электр станцияларын салып, ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдаланып жатыр.

Біз де осы бағытта алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін үйренуіміз керек. Қазақстанда бұл үшін барлық жағдай жасалған. Бізде уран қоры мол. Мысалы, жақында уран кен орындарындағы минералдар қорының 89 мың тоннаға өскені белгілі болды. Бұл геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасы аясында мүмкін болды.

Ең бастысы, бізде осы салада үлкен тәжірибесі бар мамандар бар. Мысалы, Алматыдағы Ядролық физика институтын алайық. Бұл – іргелі және қолданбалы зерттеулермен айналысатын орталық, онда жетекші ғалымдар жұмыс істейді. Біз ең озық тәжірибеге сүйене отырып атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануымыз керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #АЭС #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);