AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / АЭС-тің қоршаған ортаға әсері ең төменгі деңгейде...

АЭС-тің қоршаған ортаға әсері ең төменгі деңгейде болады 

АЭС: Референдум 02.10.2024, 10:15 889 Nursok82
АЭС-тің қоршаған ортаға әсері ең төменгі деңгейде болады 
nnc.kz

Атом электр станцияларының қауіпсіздік және қоршаған ортаға әсері туралы сұрақтарға байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы директорының орынбасары Ерболат Қоянбаев заманауи АЭС реакторларының екі контурлы салқындату жүйесімен жабдықталғанын атап өтті.

"Екі контур гидравликалық тұрғыдан бір-бірінен оқшауланған және тек жылу алмастырғыш арқылы байланысқан. Бұл процесс тұрақты бақылауда болады. Одан бөлек, конденсаторды салқындату үшін қолданылатын су тікелей көлден емес, арнайы прудтан алынады, яғни қоршаған ортаға әсер ету мүмкіндігі барынша азайтылады," – деді Қоянбаев.

Оның айтуынша, екі блокты АЭС жыл сайын дәстүрлі градирендерді пайдаланғанда шамамен 0,063 миллиард текше метр су қажет етеді. Бұл көлемді Қазақстанның ірі өзендері мен су қоймалары оңай қамтамасыз ете алады. Мысалы, Балқаш көлінің көлемі 108 миллиард текше метрді құрайды, ал АЭС-тің жылдық су қажеттілігі Іле өзенінің жылдық нормасының 1%-ын құрайды.

"Сонымен қатар, кейбір жобаларда дәстүрлі градирендердің орнына су шығынын талап етпейтін құрғақ градирендер қолданылады. Бұл шешім су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді," – деп қосты Ерболат Қоянбаев.

Бұл мәлімдеме АЭС салу туралы көпшілікті мазалаған экологиялық қауіптерді сейілтуге бағытталған және станцияның қоршаған ортаға әсері ең төменгі деңгейде болатынын көрсетеді. Қазақстанның тұрақты энергетика саласына бағытталған қадамы ұзақ мерзімді перспективада экология мен экономикаға оң әсерін тигізбек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #қоршаған орта #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);