AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / АЭС - сенімді энергия көзі

АЭС - сенімді энергия көзі

АЭС: Референдум 24.09.2024, 09:25 1,178 Bakyt
АЭС - сенімді энергия көзі
Сурет ЖИ көмегімен салынды
 

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың өңірлерге сапары жалғасуда. Бүгін Штаб мүшелері Солтүстік Қазақстан облысына барып, жергілікті шаруалармен, белсенді азаматтармен және ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдерімен бірнеше кездесу өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Чапаев ауылындағы «Қызылжар сүт» ЖШС алаңында өткен кездесуде Штаб мүшелері өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен пікір алмасты. Соңғы бес жылда СҚО-да сүт өндірісі 100 мың тоннадан астамға өсіп, бүгінде елде өндірілетін сүттің 10%-дан астамы осы өңірде өндіріледі. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» жобасы аясында өңір тұрғындары жалпы сомасы 79 млрд теңгені құрайтын 12,7 мың несие алып, ол қаражат мал сатып алу, шаруа қожалықтарын дамыту, жылыжайлар салу және техниканы жаңартуға бағытталды. Бұл жобалар тұрақты әрі мол электр энергиясын қажет етеді.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев АЭС салудың ауыл шаруашылығын дамытудағы стратегиялық маңызын атап өтті. Ол атом реакторларының тексерілген және сенімді энергия көзі ретінде алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстанның да осы бағытта даму керектігін айтты.

«Атом реакторлары әлемнің көптеген елдерінде сенімді энергия көзі ретінде кеңінен қолданылады. Қазақстан уран қоры бойынша әлемде 2-орында, ал оны өндіруде 1-орында тұр. АЭС тұрақты энергия көзі ретінде апаттық жағдайларды болдырмауға және еліміздің энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, ауыл шаруашылығының одан әрі дамуына жол ашады», – деді ол.

Кездесуде шаруалар да АЭС құрылысына қолдау білдіріп, оның кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі үшін сенімді энергиямен қамтамасыз ететінін және агроөнеркәсіп кешенінің дамуына ықпал ететінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Елнұр Бейсенбаев #Amanat #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);