ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / АЭС: Референдум / АЭС салудың маңызы талқыланды

АЭС салудың маңызы талқыланды

АЭС: Референдум 26.09.2024, 09:48 849
АЭС салудың маңызы талқыланды
aes2024.kz
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған АЭС салуды қолдау жөніндегі халық штабы Абай облысында жұмысын жалғастырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған АЭС салуды қолдау жөніндегі халық штабы Абай облысында жұмысын жалғастырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Штаб құрамында депутаттар, сарапшылар және белсенді азаматтар бар. Олар алдағы референдумға байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілермен, білім беру саласының мамандарымен және коммуналдық қызметтер саласындағы еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді. Кездесулерде экологиялық және экономикалық проблемаларды шешу тұрғысынан АЭС салудың маңызы талқыланды.

Мәулен Әшімбаев өз сөзінде қазіргі таңда әлем климаттың өзгеруі және экологияның нашарлауы сияқты түрлі сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол электр энергиясының тапшылығының күн санап артып келе жатқанын тілге тиек етті. Бүгінгі күні Қазақстанда өндірілетін энергияның 70 пайыздан астамы көмір электр стансаларына тәуелді. Осыған орай, энергия өндірісін арттырумен бірге, оның экологияға тигізетін зиянын азайтудың маңыздылығы айтылды. Бұл ретте атом электр станциясын салу ең тиімді шешімдердің бірі ретінде қарастырылуда.

Штаб мүшелері «Приречное агрофирмасы» ЖШС базасында облыстағы ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілермен кездесу өткізді. Сонымен қатар, «Эйкос» ЖШС кәсіпкерлерімен және қызметкерлерімен, сондай-ақ коммуналдық сектор кәсіпорындарының ұжымдарымен де кездесулер ұйымдастырылып, аталған мәселелер кеңінен талқыланды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты республикалық референдум өтеді. Атом электр станциясы – көмірқышқыл газының шығарындыларын және көмірге тәуелділікті азайтудың ең тиімді жолдарының бірі. АЭС-тің көмір электр станцияларынан айырмашылығы зор. Атом энергетикасы қоршаған ортаны улы газдармен, күлмен немесе зиянды қалдықтармен ластамайды. Бұл – атом энергиясының табиғатқа зиян келтірмей, еліміздің экономикасын дамытуға серпін беретін таза және тұрақты энергия көзімен қамтамасыз ету деген сөз», – деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.