ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / АЭС: Референдум / АЭС салу – Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігі...

АЭС салу – Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайту жолы

АЭС: Референдум 16.09.2024, 12:38 957
АЭС салу – Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайту жолы
aes2024.kz
Қызылорда аймақтық Халықтық штаб өкілдері «Жібек жолы» сауда үйінде азаматтармен еркін кездесіп, АЭС салудың маңыздылығы туралы кеңінен түсіндірді. Кездесу барысында тұрғындардың сұрақтарына жауап...

Қызылорда аймақтық Халықтық штаб өкілдері «Жібек жолы» сауда үйінде азаматтармен еркін кездесіп, АЭС салудың маңыздылығы туралы кеңінен түсіндірді. Кездесу барысында тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Штаб мүшесі Бейбіткүл Каримова студенттермен әңгімелесу барысында атом энергетикасының еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі үшін маңызын атап өтті:

«Бүгінде тұрақты және қауіпсіз энергиямен қамтамасыз ету барлық мемлекеттер үшін стратегиялық мәселе. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, атом энергетикасы елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі құралы болып табылады. Дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері тұрақты өндіріс бере алмайды, сондықтан елімізде бейбіт атом энергиясын қолдану бағытында ғалымдар көп жұмыс атқаруда. Қазақстанда атом саласында 17,9 мың адам жұмыс істейді, оның ішінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да – 15 мыңға жуық жұмысшы бар. Атом өнеркәсібіндегі студенттердің саны 9 мыңға жетеді», – деді ол.

Кездесу барысында жастар да қалыс қалмады. Олар штаб мүшелерінен энергия тарифтері мен шикізат мәселелері туралы сұрақтар қойды. Бұл сұрақтарға штаб мүшесі Гүлшат Мұсаева жауап берді.

«Атом электр станциясында өндірілетін электр энергиясының құны басқа энергия көздерімен салыстырғанда жоғары болмайды, себебі отынның бағасы тұрақты, энергия сыйымдылығы жоғары және стансаның қызмет ету мерзімі 60 жылға созылады, оны 80 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар. Қазақстан табиғи уранның барланған қоры бойынша әлемде екінші орында. Барлық әлемдік қорлардың 14%-ға жуығы Қазақстанның терең қойнауында орналасқан, оның 70%-ы экологиялық таза жерасты сілтілеу әдісі арқылы өндіріледі. Бүгінде Қазақстан әлемдегі уран өндірісінің шамамен 40%-ын қамтамасыз етіп, уран өндіруде бірінші орында тұр», – деді Гүлшат Мұсаева.

Еліміз АЭС салу арқылы өз энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға және шетелдік энергияға тәуелділікті азайтуға үлкен мүмкіндік алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.