AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / АЭС құрылысы: Энергетикалық тәуелсіздік пен эколог...

АЭС құрылысы: Энергетикалық тәуелсіздік пен экологиялық тұрақтылық

АЭС: Референдум 24.09.2024, 09:08 1,620 Bakyt
АЭС құрылысы: Энергетикалық тәуелсіздік пен экологиялық тұрақтылық
aes2024.kz

Сенат депутаттары, атом электр стансасын салу жөніндегі халықтық штаб мүшелері Әлібек Нәутиев пен Сағындық Лұқпанов Атырау облысы, Махамбет ауданына сапармен барды. Олар Бейбарыс ауылында білім саласының қызметкерлерімен кездесіп, атом электр стансасының құрылысы мен оның облыс және ел үшін маңыздылығын түсіндіруге баса назар аударды.

Сенаторлар АЭС құрылысының Қазақстанның энергетика саласының тұрақты дамуына ғана емес, елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға және экономикаға оң әсер ететініне тоқталды. Сонымен қатар, атом электр стансасы экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Депутаттар әлемнің жаңартылатын және экологиялық таза энергия көздеріне көбірек көшіп жатқанын, ал атом энергетикасы осы ауысулардың негізгі құрамдас бөлігі екенін айтты. Олар АЭС көміртекті энергия көздеріне тәуелділікті азайту арқылы қоршаған ортаға тигізетін оң әсерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Сондай-ақ, Парламент депутаттары Мемлекет басшысының қыркүйектегі Жолдауында айтылған негізгі мақсаттар мен міндеттерге тоқталып, олардың энергетика саласына тікелей қатысы бар екенін түсіндірді. Мемлекет басшысының ұсынған даму бағыттары әрбір саланы, соның ішінде энергетикалық секторды жаңа деңгейге көтеруге бағытталғаны айтылды.

Депутаттар кездесу барысында қатысушылардың биылғы қазан айында өтетін референдум туралы сұрақтарына жауап беріп, еліміздің энергетикалық стратегиясының болашағы азаматтардың шешіміне байланысты болатынын атап өтті. Олар тұрғындарды референдумға белсенді қатысып, өз дауыстарын беруге шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #сенаторлар #Халықтық штаб
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);