ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / АЭС: Референдум / АЭС құрылысы: болашақ пен кадр даярлау  

АЭС құрылысы: болашақ пен кадр даярлау  

АЭС: Референдум 13.09.2024, 20:20 1,167
АЭС құрылысы: болашақ пен кадр даярлау   
amanatpartiasy.kz
«AMANAT» партиясының Төрағасы жуырда Үкіметтің атом энергетикасы саласында кадр даярлау бойынша арнайы бағдарлама қабылдайтынын мәлімдеді. Алдағы үш жылда «Болашақ» бағдарламасы аясында әлемнің...

 «AMANAT» партиясының Төрағасы жуырда Үкіметтің атом энергетикасы саласында кадр даярлау бойынша арнайы бағдарлама қабылдайтынын мәлімдеді. Алдағы үш жылда «Болашақ» бағдарламасы аясында әлемнің үздік жоғары оқу орындарына дәл осы салаға қатысты гранттар бөлінеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Уран өнеркәсібі мамандарына тағылымдама және қайта даярлау бағдарламалары енгізіліп, бұл шаралар АЭС құрылысы аяқталған кезде 3 мыңнан астам жоғары білікті маман даярлауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты мұғалімдердің міндеті – оқушыларды нақты ғылымдарға қызықтырып, олардың болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт беру.

Кездесу барысында Халықтық штаб мүшелері де сөз алды. Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев әлемдегі атом энергетикасын дамыту үрдістерін және қазақстандық ғылыми әзірлемелердің маңызын атап өтіп, еліміздің АЭС салуға толықтай дайын екенін айтты. Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров энергетикалық мәселелерді тез арада шешудің ел экономикасын дамыту үшін аса маңызды екенін түсіндірді. Ядролық физика институтының директоры Саябек Сахиев қазіргі заманғы үшінші буын ядролық реакторлардың қауіпсіздігі, тиімділігі және экологиялық тазалығы туралы хабардар етті.

Халықтық штаб жергілікті теміржол қызметкерлерімен де кездесті. Олар Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын дамытуға ерекше назар аударғанын айтты. Теміржол саласына жаңа жолдар салу, пойыздар мен вагондар сатып алу, цифрландыруды енгізу сияқты кешенді реформалар қажет.

Теміржол желісін электр энергиясымен қамтудың төмендігі өткізу қабілетінің шектелуіне, жолаушылар мен жүк тасымалының баяулауына себеп болып отыр. Мәселен, Шу-Алматы учаскесінде электр энергиясы жиі үзіліп, транзиттік әлеуетімізді толық пайдалануға кедергі келтіруде. АЭС құрылысы бұл мәселелерді шешіп, отандық теміржол жүйесіне қолжетімді әрі сенімді электр энергиясын жеткізеді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.