ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / АЭС: Референдум / АЭС құрылысы: болашақ пен даму кепілі

АЭС құрылысы: болашақ пен даму кепілі

АЭС: Референдум 13.09.2024, 20:31 1,163
АЭС құрылысы: болашақ пен даму кепілі
amanatpartiasy.kz
Халықтық штаб мүшелері Жамбыл облысында жергілікті теміржол қызметкерлерімен де кездесті. Олар Мемлекет басшысы өз Жолдауында көлік-логистика саласын дамытуға ерекше назар аударғанын еске салды,...

Халықтық штаб мүшелері Жамбыл облысында жергілікті теміржол қызметкерлерімен де кездесті. Олар Мемлекет басшысы өз Жолдауында көлік-логистика саласын дамытуға ерекше назар аударғанын еске салды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Теміржол саласына кешенді реформалар қажет: жаңа темір жолдар салу, пойыздар мен вагондар сатып алу, цифрландыруды енгізу және басқа да мәселелерді шешу керек.

Теміржол желісін электр энергиясымен қамтудың төмен деңгейі қазіргі уақытта өткізу қабілетінің шектеулі болуына басты себептердің бірі болып отыр. Бұл жолаушылар мен жүк тасымалының жылдамдығына да кері әсер етеді.

Шу-Алматы учаскесінде электр энергиясы жиі үзіледі. Транзиттік әлеуеті жоғары мемлекетіміз үшін бұл – қомақты пайдадан қағылу деген сөз. Бұған жол беруге болмайды. Бұл мәселені жедел шешу қажет. АЭС құрылысы осы түйткілдердің шешімін тауып, отандық теміржолдың сенімді және қолжетімді тарифтермен электр энергиясын қамтуға деген қажеттілігін қанағаттандырады.

Штаб мүшелері өңірдің күн және жел электр станциялары бойынша елде жетекші орынға ие болғанына қарамастан, олардың тұрақты қуат бере алмайтынын атап өтті. АЭС қауіпсіздігі туралы айта отырып, Парламент ядролық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласына қатысты жеке заң қабылдайтыны ерекше аталып өтті. Бұл құжат АЭС-ты жобалау, салу және пайдалану кезінде қатаң қауіпсіздік стандарттарын қамтиды.

Осы күні АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Меркі ауылының тұрғындарымен – қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған «Қарызсыз қоғам» және «Ауыл аманаты» жобаларының қатысушыларымен кездесті. Іс-шара «Агросауат» оқу орталығының алаңында өтті. Бұл орталықта егіншілік, құс және мал шаруашылығының негіздері тегін оқытылады.

Бағдарламаларға қатысушы ауыл тұрғындары бизнес ашу, жылыжай салу, мал сатып алу және шаруа қожалығын дамыту үшін жеңілдетілген несие алуда. Алайда, сенімді электр энергиясы болмаса, бұл жобаларды тұрақты түрде жүзеге асыру мүмкін емес. Осыған байланысты ауыл тұрғындары АЭС құрылысына қолдау білдіріп, бұл жоба агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда стратегиялық маңызды рөл атқарады деп есептейді.

Жалпы, Халықтық штабтың барлық кездесулерінде өңір тұрғындары АЭС салуға үлкен қызығушылық танытып, алдағы референдумға қатысуға дайын екендіктерін жеткізді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.