AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ​АЭС қалай аталмақ?

​АЭС қалай аталмақ?

Әлеумет 28.10.2025, 15:34 598
​АЭС қалай аталмақ?
Сурет ЖИ көмегімен салынды

​Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің мәлімдеуінше, АЭС атауына қатысты 28 мыңнан астам ұсыныс түскен, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

Байқау аяқталу сатысында тұр. Қазақстан азаматтарынан 28 мыңнан астам ұсыныс алдық. Үлкен қызығушылық байқалды. Қазір «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-пен бірге өтінімдердің құрылымын түсіну үшін жан-жақты талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ең алдымен орналасу өңірін, жасын, гендерлік мәселелермен байланысты санатын түсініп алғымыз келеді. Содан кейін байқау комиссиясының қорытынды отырысын өткізу арқылы жинақтау жұмысы жүргізіліп, Балқаш стансасының түпкілікті атауы айқындалады, - деді агенттік басшысы. 

Оның атап өтуінше, ұсыныстардың ішінде тарихи, географиялық атаулар, тарихи тұлғалардың есімдері, технологиялық шешімдермен байланысты өте танымал атаулар бар. Осы орайда ол комиссия мүшелеріне белгілі бір деңгейде ықпал етпеу үшін кейбір танымал атауларды атаудан бас тартты.

"Бұған дейін комиссия атауға толықтай сай келуі тиіс бірқатар өлшемшартты айқындаған болатын. Көпке бірдейлігі негізгі өлшемшарттардың бірі. Мұнан бөлек, атом саласының имиджіне сәйкестігіне байланысты мәселелер де бар. Ол Қазақстан халқы үшін мәдени-тарихи құндылықтарды да паш етуі тиіс. Олардың әуезді, қысқа, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде азаматтарға барынша түсінікті болуы айрықша маңызды. Мұның бәрі шешім қабылдау барысында назарға алынады", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

АЭС атауына қатысты ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 10 қазан сағат 23:59–да аяқталды. Бастаманың басты мақсаты — болашақ станцияның тарихи, мәдени және ұлттық маңызын бейнелейтін атауды таңдау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #Алмасадам Сәтқалиев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);