AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / АЭС энергия өндірумен шектелмей, қоршаған ортаға о...

АЭС энергия өндірумен шектелмей, қоршаған ортаға оң әсерін тигізе алады

АЭС: Референдум 17.09.2024, 10:14 1,537 Bakyt
АЭС энергия өндірумен шектелмей, қоршаған ортаға оң әсерін тигізе алады
almaty-akshamy.kz
 

Атом электр станцияларын (АЭС) табиғи су қоймаларының жағасында салу бүкіл әлемде кеңінен қолданылатын тәжірибе. Мұндай шешім су салқындату жүйесін тиімді пайдаланып, экологиялық әсерді азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қоршаған ортаны және тіршілік иелерін қорғау үшін ең жаңа технологиялық әзірлемелер қолданылады.

Қазақстанда да жаңа буын АЭС салу жоспарланып жатыр. Бұл станциялар тек энергия өндірумен шектелмей, қоршаған ортаға оң әсерін тигізе алады. Кейбір елдерде АЭС айналасындағы флора мен фаунаның жағдайын жақсарту бағытында арнайы бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мысалы, станция маңындағы аумақтарды демалыс орындарына айналдырып, тұрғындардың игілігіне пайдалануда. АЭС-тің салқындатқыш тоғандарында балықтың ондаған түрін өсіруге жағдай жасалып, тіпті балық аулау бойынша халықаралық чемпионаттар да ұйымдастырылады. Бұл табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті арттырып, станцияның экологиялық қауіпсіздігін дәлелдей түседі.

Қазақстанда салынып жатқан жаңа АЭС жобасы да осындай инновациялық тәсілдерге сүйеніп, экологиялық әсерді азайтуға бағытталған. Есептеулерге сәйкес, АЭС-тің жұмыс барысында су шығыны Балқаш көлінің табиғи булануының тек 0,32%-ын құрайды. Бұл көрсеткіш АЭС-тің су ресурстарына минималды әсер ететінін және қоршаған ортаға зиян келтірмейтінін көрсетеді.

АЭС құрылысы мен пайдалануы кезінде су ресурстарының тиімді қолданылуы маңызды орын алады. АЭС технологиялары тек суды салқындату үшін ғана емес, сонымен қатар судың экологиялық тепе-теңдігін сақтап, табиғи ортаны қорғауға ықпал етеді. Бұл Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, экологиялық тұрғыдан да оң нәтиже беретіні анық.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қоршаған орта #Балқаш #табиғат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);