AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / АЭС еліміз үшін маңызды стратегиялық жоба

АЭС еліміз үшін маңызды стратегиялық жоба

АЭС: Референдум 20.09.2024, 13:24 1,005 Bakyt
АЭС еліміз үшін маңызды стратегиялық жоба
aes2024.kz
 

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Талғар ауданындағы «NUR KAGAZY» ЖШС-нің ұжымымен кездесу өткізді. Жиын барысында атом энергетикасының Қазақстан экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігіне ықпалы талқыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Халықтық штабтың мүшесі Ләззат Тұрлашов өз сөзінде АЭС-тің еліміз үшін маңызды стратегиялық жоба екенін атап өтті. Ол атом энергетикасының елді энергетикалық тәуелсіздікке жеткізетін басты қадам екеніне баса назар аударды.

«Біз қазір жаңа энергетикалық кезеңнің алдында тұрмыз. АЭС – тек сенімді электр көзі ғана емес, еліміздің экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күшіне айналады. Қазіргі таңда еліміздегі электр энергиясының 70%-ын көмір станцияларынан алып отырмыз, бірақ бұл тәсілдің экологиялық тұрғыдан тиімсіз екені белгілі. АЭС салу – осы мәселелерді шешудің оңтайлы жолы», – деді Тұрлашов.

Өндіріс қызметкері Сәбит Тастеміров те өз пікірін білдіріп, электр қуатының жетіспеушілігі өндіріс орындарына кері әсерін тигізетінін айтты. Ол АЭС салу арқылы елімізде тұрақты энергиямен қамтамасыз етіліп, артық қуатты экспорттауға мүмкіндік туатынын атап өтті.

Кездесуге қатысушылар АЭС жобасының экономикалық және экологиялық тиімділігін талқылап, ел болашағы үшін бұл жобаны қолдауға дайын екендерін жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#экономика #энергетика #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);