AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / АЭС: Экология мен энергия тұрақтылығы

АЭС: Экология мен энергия тұрақтылығы

АЭС: Референдум 17.09.2024, 09:08 1,333 Bakyt
АЭС: Экология мен энергия тұрақтылығы
aes2024.kz

Дәрігерлер АЭС салудың экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал ететініне қызығушылық танытты, себебі ұлт саулығы үшін өндірістен зиянды заттардың аз бөлінуі маңызды.

Мұндай пікір алмасу Ақтөбе облысындағы Мәртөк аудандық Халықтық штабтың аудандық орталық аурухана ұжымымен кездесуінде өрбіді.

Штаб мүшесі Қыдырбай Шудабаевтың айтуынша, атом электр стансалары қоршаған ортаны түтін газдары, күл және мұнай өнімдерімен ластамайтындығы сарапшы мамандардың дәлелді пікірлері арқылы расталған. Ол әлемдегі дамыған және дамушы елдердің АЭС пайдалану тәжірибесін мысалға келтірді.

AMANAT партиясының Мәртөк аудандық филиалы төрағасы Ануар Искарин энергетика мамандарының ядролық энергияны «жасыл» деп танитынын атап өтті. Оның сөзінше, АЭС көмір және газ стансаларымен салыстырғанда айтарлықтай аз зиянды шығарындыларға ие және экологиялық жағынан таза энергия көзі болып табылады.

Кездесуде сонымен қатар ауданның электр энергиясына байланысты мәселелері де көтерілді. Ануар Искариннің айтуынша, Мәртөк ауданында электр желілерінің 80 пайызының тозуы себепті ауа райының қолайсыздығы кезінде жиі жарық өшеді. Бұл жағдайды түзету үшін қомақты қаражат қажет, ал қазір еліміз 100 млрд теңгеден астам қаражатқа өзге елдерден энергия сатып алуда. Электр энергиясын тұтыну көлемінің жыл сайын артып келе жатқанын да ескерген жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология #АЭС #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);