AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / АЭС бойынша референдум – билік пен халық арасындағ...

АЭС бойынша референдум – билік пен халық арасындағы диалогтың көрсеткіші

АЭС: Референдум 24.09.2024, 08:38 964 Bakyt
АЭС бойынша референдум – билік пен халық арасындағы диалогтың көрсеткіші
Сурет: Inform.kz

Алдағы референдум «еститін мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асуымен толық сәйкес келеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Саяси ғылымдар докторы Жомарт Симтиковтың айтуынша, Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдум өткізу «еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырумен толықтай үндеседі.

– Алдағы референдумды демократиялық процестің оң аспектісі ретінде қарастыруға болады. Ең маңыздысы – физика және ядролық энергия саласындағы мамандардың пікірі ескерілетін болады. Менің ойымша, елімізде атом станциясын салу энергетикалық және экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл «Жаңа Қазақстан» мақсаттарына жетуге, соның ішінде әділетті қоғам құруға септігін тигізеді, – деді ғалым.

Жомарт Симтиков АЭС құрылысы Қазақстанда бірқатар бағыттарды дамытуға мүмкіндік беретініне тоқталды.

– Біріншіден, бұл елімізді энергетикалық тәуелсіздікке жеткізеді. Екіншіден, энергетика саласындағы аймақтық бәсекеде көшбасшылық орынды сақтауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, цифрлық технологиялардың дамуында энергия тапшылығын болдырмауға көмектеседі. Төртіншіден, осы салада білікті мамандар даярлау жүйесін дамытуға ықпал етеді. Бұл тізімді әлі де жалғастыруға болады, – деп атап өтті сарапшы.

Сарапшының пікірінше, референдум өткізу фактісі елімізде ашық қоғам қалыптасып жатқанын, онда билік пен халық арасындағы диалог жұмыс істейтінін, маңызды мәселелер азаматтардың қатысуы мен пікірі ескеріле отырып, демократиялық жолмен шешілетінін дәлелдейді.

– Менің ойымша, АЭС салу еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға ықпал етеді, – деп түйіндеді Жомарт Симтиков.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жомарт Симтиков #АЭС #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);