ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Жолдау 2023 / «Әділетті Қазақстан» мен «Адал азамат» ұғымдары –...

«Әділетті Қазақстан» мен «Адал азамат» ұғымдары – ерекше құндылығымыз

Жолдау 2023 01.09.2023, 11:44 3,230
«Әділетті Қазақстан» мен «Адал азамат» ұғымдары – ерекше құндылығымыз
almaty-akshamy.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған маңызды стратегиялық міндеттер мен терең мағыналы құндылықтар...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған маңызды стратегиялық міндеттер мен терең мағыналы құндылықтар қатарына көптеген өзекті және маңызды дүниелер енді.


Жыл сайынғы дәстүрлі күз айының басында жарияланатын Жолдаудың биылғы жылғы басымдылығы экономикалық мәселелер екені кездейсоқ емес. Өйткені, еліміздің материалдық негіздері пәрменді даму жолына түсе алмай келеді және оның әлеуметтік-экономикалық құрылымы әлі күнге дейін толықтай жаңғыра алған жоқ. Жылу станцияларындағы жарылыстар, тозығы жеткен техниканың жаңаланбауы, бюджеттің тиімсіз пайдалануы сияқты деректер Жолдауда заманауи кезеңнің ащы шындығы ретінде жарияланды. Бұл жердегі сыни талдаудың түпкі астарында қазақстандық қоғамды өркениетті елдердің қатарына қосу идеясы жатыр. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бұрынғы жылдары үстірт қана аталып өтетін су проблемасына жаңаша көзқарасты қалыптастырып, су саясатын жүргізуді ұсынды. Болашақта елдер арасында су мәселесі мемлекетаралық қатынастардың маңызды қырына айналатындығы биылғы жылдың өзінде ерекше сезіле бастады.


Қазақстан Президенті «Әділетті Қазақстан» мен «Адал азамат» сияқты ұғымдардың біздің қоғамымызда басымдық танытуы тиіс екенін атай келіп, жастар арасындағы креативтілік, мобилділік, ашық сұхбатқа дайындық сияқты қасиеттердің кеңінен таралуына назар аударды. Қазіргі кезеңде әлде де шешімін таппай келе жатқан проблемалардың қатарына кәсіби білімнің өндіріске тиімді пайдасын тигізе алмай келе жатқанын жатқызуға болады. Жоғары оқу орындары мен өндіріс орындары арасында өзара серіктестікке негізделген шынайы, адал және әділ қатынастар орнамаса қоғамдағы, экономикадағы пәрменді дамуға, жаңғыру мен жаңаруларға қол жеткізе алмаймыз. Осы сипаттағы сапалық және сандық көрсеткіш оқу орнының маңыздылығы мен қаржыландыруын анықтауы тиіс. Әр түрлі деңгейдегі басшы мамандардың жеке жауапкершіліктерін арттырмай, айтылған сөз айтылған жерінде қалуы да мүмкін.    


«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты іске асыруымыз керек деген сөз Мемлекет басшысы тарапынан айтылды. Оны тек Президенттің өзі ғана жүзеге асырмайды. Сондықтан аймақтық деңгейдегі осы тетіктің жұмыс істеу қабілеті мен нәтижелері үнемі бақыланып, есеп беріліп отырылуы тиіс. Демократияның айқын көрінісі айшықтала түсуі қазіргі кезеңде өте маңызды. Себебі, біз «Әділетті Қазақстан» мен «Адал азамат» ұғымдарын ерекше құндылықтар ретінде дәріптеп қана өркениетті елдің қатарына қосыла аламыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.