AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Әділ ереже: ірі бизнес жеңілдетілген режимнен шыға...

Әділ ереже: ірі бизнес жеңілдетілген режимнен шығады

Барлығы 26.09.2025, 22:10 824
Әділ ереже: ірі бизнес жеңілдетілген режимнен шығады
depositphotos.com

Жаңа Салық кодексі ірі компаниялардың жеңілдетілген салық режимін пайдалануға тосқауыл қояды. Бұған дейін талдау көрсеткендей, триллиондап айналым жасайтын ірі кәсіпорындар жеңілдетілген режим арқылы салықтан жалтарған.

Енді ереже айқын:

-шағын бизнес (дүкендер, дәріханалар, кафелер, тасымал және қызмет көрсету) – жеңілдетілген режимде қалады;
-ірі бизнес (құрылыс, телекоммуникация, жер қойнауын пайдалану, көтерме сауда) – жалпыға бірдей режимге өтеді.

Бұл шешім бәсекені әділ етеді: шағын кәсіпкерлер тыныш әрі ашық жұмыс істейді, ал ірі компаниялар толыққанды салық жүйесімен жұмыс жасайды.

Әлеуметтік басымдықтар
Мемлекет әлеуметтік маңызы бар салаларға ерекше көңіл бөлді. Жеңілдетілген режимде қалады:

-білім беру мен медицина (балабақшалар, стоматология, үйірмелер мен спорт секциялары);
-ауыл шаруашылығы (жеңілдетілген жер салығы, ҚҚС бойынша жеңілдіктер, сауда желілеріне тікелей жеткізу мүмкіндігі);
-креативті индустрия (кино, музыка, фото, дизайн).

Ал өңдеуші өнеркәсіп үшін арнайы қолдау қарастырылған: ҚҚС бойынша жеңілдіктер, инвестициялық шегерімдер, «Бәйтерек» пен «Даму» арқылы жеңілдетілген қаржыландыру.

Яғни, шағын бизнес бұрынғыдай жеңілдетілген режимде жұмыс істейді, ірі бизнес толық салық төлейді, ал халық тауарлар мен қызметтерді қолжетімді бағамен ала береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ереже
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);