AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Адасқан малшы аман табылды

Адасқан малшы аман табылды

Оқиға 15.03.2023, 21:00 1,077
Адасқан малшы аман табылды
Сурет: Ашық дереккөз

Жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар дер кезінде келген


Кеше Қостанай облысында ауа райы күрт бұзылып кетуіне байланысты жылқысын қарауға шыққан Амангелді ауданының тұрғыны иен далада адасып кеткен. Дер кезінде көмекке келген жергілікті тұрғындар мен құтқарушылардың арқасында адасқан жылқышы аман-есен табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.


Енді болған оқиғаға кеңінен тоқталсақ, наурыздың 14-і күні таңертең ауылының сыртында өрісте жүрген жылқыларынан көз жазып қалған 37 жастағы Амангелді іздеуге бел буып, үйінен шығып кетеді. Осылайша жоқ іздеп кеткен ауыл тұрғыны түн ортасына дейін үйіне оралмапты. Отбасы соңына дейін күтіп, ақыры ауа райының күрт бұзылуына байланысты отағасының хабарсыз кеткенін айтып дабыл қағады. Дер кезінде көмекке келген жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар наурыздың 14-інен 15-іне қараған түні жедел іздестіру жұмыстарын бастайды. 



«Атап айтар болсақ, бүгін түнгі сағат 00:30-да  жергілікті  төтенше жағдайлар қызметінің екі қызметкері мінген «Нива-БРОНТО» автокөлігі, полиция бөлімі жасақтары мен жергілікті тұрғындардан құрылған топ Амангелді ауылының төңірегіндегі  45 шақырым жерді толық шолып шықты. Нәтижесінде түнгі сағат 01:50-де сол ауданның Шөптікөл ауылынан 10 шақырым жердегі алқаптан жоқ іздеген жылқышы аман-есен табылды. Оның денсаулығына ешбір зиян келмеген. Дін аман. Сондықтан оған медициналық көмек қажет болмады. Осылайша тұтас ауданды аяғынан тік тұрғызған жылқышы тұрғылықты жері бойынша Амангелді ауылындағы отбасына жеткізілді»,-  дейді Қостанай облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің  баспасөз хатшысы Уәлихан Дусанов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#малшы #Адасты #ТЖД
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);