конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Адамды ұрып-соққаны үшін қылмыстық жауапкершілік к...

Адамды ұрып-соққаны үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді

Әлеумет 21.02.2024, 08:39 1,307
Адамды ұрып-соққаны үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді
almaty-akshamy.kz

Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды.  


Онда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін шешудің жан-жақты тәсілдері қарастырылған. Бұл құжат Президенттің былтыр күзде жариялаған Жолдауын жүзеге асыру аясында әзірленді.  


Жалпы, осы жобаға сәйкес түрлі заң актілеріне 70 түзету енгізу көзделіп отыр. Соның ішінде, отбасыларға көмек көрсету инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған өзгерістерді, сондай-ақ тұрмыс саласындағы қылмыстар және балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жазаны күшейтуді атап өтуге болады. 


Мәселен, адамды ұрып-соққаны, денсаулыққа жеңіл, ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіргені, азаптап-қинағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді және күшейтілді.  


Бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтауға және алдын-алуға бағытталған бірқатар шара көзделген. 
Заң жобасын депутаттар мемлекеттік органдармен, сарапшылар қауымдастығымен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп әзірледі. 
Бұл құжатты дайындауға Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева белсене атсалысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#адам #қоғам #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Бұл – баламның арманы еді»: анасы Канье Уэсттің концертіне екі баласын ертіп келді

Бүгін 21:52

«Алматының туризміне оң әсер етеді»: көрермен Канье Уэсттің концертіне баға берді

Бүгін 21:21

Тазабек те Канье Уэсттің концертіне келіп, тазалық сақтауға шақырды

Бүгін 21:08

Тағы бір күн қалуға тура келді: Канье Уэст жанкүйерлерінің көңіл күйі қандай?

Бүгін 20:59

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);