ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Адам өміріне араша түскен алматылық полицейлер мар...

Адам өміріне араша түскен алматылық полицейлер марапатталды

Өмір-өзен 16.03.2023, 11:57 1,342
Адам өміріне араша түскен алматылық полицейлер марапатталды
Сурет: Polisia.kz
Алматыда өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалған патрульдік полиция қызметкерлері марапатталды.

Алматыда өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалған патрульдік полиция қызметкерлері марапатталды.


Кәсіби шеберліктері, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігі мен құқық тәртібі жолында жанқиярлық қызметі үшін Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің инспекторлары Құдайберген Тоғжанов пен Санжар Әбдірайымов “Қазақстан полициясына 30 жыл” мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Ержүрек полиция қызметкерлеріне марапатты Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров табыс етті. Марапаттау рәсімі салтанатты жағдайда өтті.


Еске салайық, жақында “Буран-317” экипажының патрульдік полицейлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған алматылық азаматты аман алып қалған болатын. Тәртіп сақшылары оқиғаға қатысы бар адамның да, жол қозғалысының басқа қатысушыларының да қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдады.




«Сағат 19:00 шамасында бізге Сүйінбай даңғылының бойындағы жаяу жүргіншілер көпірінен белгісіз ер адам секіргісі келетіні туралы қоңырау келіп түсті. Біз оқиға орнына үш минутта жеттік. Әріптесіммен бірге ер адамды мұндай әрекетке бармауға көндіре бастадық», – деді ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің қызметкері Тоғжанов Құдайберген.


«Ол бізден алыстай берді, өзін жөнсіз ұстады. Сұрақтарымызға жауап бермеді. Біз оның назарын аударып, сөйлесіп, оны қоршаудың арғы жағынан шығару үшін жайлап жақындадық. Сол кезде біздің басқа әріптестеріміз төменде, жолдың бойында болып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Олар ер адам секіріп кеткен жағдайда ауыр жарақат алмас үшін жүк көлігін көпірдің астына әкеліп қойды. Бір кезде біз оны ұстап үлгердік. Ортақ күш-жігердің арқасында оны қауіпсіз жерге алып шықтық», – деді Санжар Әбдірайымов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.