конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Адам өміріне ара түскен дәрігерлер

Адам өміріне ара түскен дәрігерлер

Медицина 15.01.2025, 12:02 965
Адам өміріне ара түскен дәрігерлер
№ 7 қалалық клиникалық  аурухана

Жедел жәрдем бригадасы 54 жастағы әйелді Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық  ауруханасына инсультқа күдікпен жаңа жылдың  алғашқы күндері жеткізді. Әйелдің сол аяқ-қолдардың әлсіздігі,  сөйлеу қызметінің бұзылуы, қан қысымының кенеттен көтерілуіне шағымдары болды.

Пациентті кезекші невролог дәрігер, реаниматолог және қан тамырлары нейрохирургі тексеріп-қарау кезінде  қан тамырларының бұзылуына күдіктенді.  Бірақ, бас миына жасалған КТ патологиялық өзгерістер  көрсеткен жоқ, ЭКГ - елеулі ауытқулар анықталған жоқ, сонда да  клиникалық белгілерді  ескере отырып, одан әрі тромбоэкстракциялау арқылы миға сұрыптамалық ангиография жасауға шешім қабылдайды.

Ми –тамырлық ауруы диагнозы қойылды. Оң орта ми артериясы бассейніндегі ишемиялық инсульт, (атеротромботикалық кіші түрі) бойынша ми қан айналымының жіті бұзылуы. Сәтті тромбэкстракциядан кейін, пациент тромбоздың алдын алу, қан  қысымын тұрақтандыру және гемодинамика үшін жіті бақылау және  қарқынды терапия үшін реанимация бөлімшесіне ауыстырылды. Дұрыс жасалған диагностика мен сәтті жүргізілген емнің  нәтижесінде неврологиялық симптоматика бәсеңдеді.

Уақытылы диагностика мен емдеудің, ангиография, тромбэкстракция сияқты заманауи тексеру әдістерін қолданудың арқасында дәрігерлер пациенттің денсаулығына және өміріне қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алуға қол жеткізді. Келесі күні   пациенттің жүйке жүйесінің қызметі қалпына келіп, жай-күйі айтарлықтай жақсарғаны байқалды.

«Бұл клиникалық жағдай ми қан айналымының өткінші  бұзылулары кезінде жедел диагностика мен терапияның өте маңыздылығын көрсетеді. Одан әрі емдеу көрсеткіштері бұлшық ет күшінің 5 балға дейін толық қалпына келіп, оң өзгеріс байқалды. Сөйлеу қызметі толық қалпына келді. Қан айналымы тұрақтанды. Одан әрі аурудың  алдын алу  үшін гипотензивті терапия таңдалды»,- деді № 2 инсульт бөлімшесінің невролог-инсультолог дәрігер Ақжол Арипхан.

Пациент  мекенжайы бойынша амбулаториялық емдеуге  жіберілді,  неврологиялық аурулардың белгілері толығымен қайтты. 

Пациент «Жетінші» аурухананың дәрігерлеріне жоғары деңгейде медициналық көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді: «Біздің қазақстандық медицина заманмен қатар дамып келе жатқаны қуантады және ауруханаларда медициналық көмек көрсету үшін клиникада қажетті заманауи медициналық жабдықтар бар, әрине, бұл өз ісінің шеберлері білікті дәрігерлер мен мейірбикелердің және ісіне адал санитарлардың еңбегінің нәтижесі».

Инсультолог-дәрігер әлсіздік, беттің ассиметриясының бұзылуы, түсініксіз сөйлеу немесе қан қысымының кенеттен көтерілуі сияқты неврологиялық бұзылулардың алғашқы белгілері  пайда болған кезнде  дереу медициналық көмекке жүгіну қажеттігін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Инсультолог #дәрігер #пациент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);