AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Адал азамат» идеологемасы және Президент жолдауын...

«Адал азамат» идеологемасы және Президент жолдауын талқылау бойынша кездесу өтті

Барлығы 28.09.2025, 15:51 1,007
«Адал азамат» идеологемасы және Президент жолдауын талқылау бойынша кездесу өтті
«Ауыл» партиясы

22 қыркүйекте Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан «Қазақ ғылыми-зерттеу институты қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі» мекемесінде «Ауыл» партиясының өңірлік филиалы «Адал азамат» идеологемасын түсіндіру және 2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жолдауды талқылау тақырыбында кездесу өткізді.

Жиынға мекеме қызметкерлері, партия мүшелері және ғалымдар қатысты. Кездесу барысында институтта ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан ғалым Чоманов Уришбай «Адал азамат» қалыптастырудың қоғам үшін маңызы жөнінде пікір білдірді.

Сонымен қатар, «Ауыл» партиясының Алматы қаласы филиалының төрағасы А. Қоңырбаев Президент Жолдауындағы Парламентаризмді дамыту және Жасанды интеллектті енгізу мәселелеріне тоқталып, түсініктеме жасады.

Өз кезегінде институт директорының орынбасары Умиралиева Лазат мекемеде Жасанды интеллектті пайдалану лабораториясы ашылатынын хабарлап, бұл бастама ғылым мен өндірісте жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.

Кездесу пікір алмасу алаңына айналып, қатысушылар ел дамуындағы адалдық пен әділдік құндылықтарын кеңінен насихаттау қажеттігін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолдау #талдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);