AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызме...

«Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөнінде кездесу өткізілді

Әлеумет 12.09.2025, 12:27 841
«Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөнінде кездесу өткізілді
Сурет: koreilbo.com

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Узбеханов Нұржан және Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Есмаганбетова Анар Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасының қызметкерлерімен семинар-кездесу өткізілді.

Жиынға Басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Кездесу барысында, Нұржан Узбехановпен:

-      Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, ұжымның ішінде мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез келген нысандарын болғызбайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасау қажеттілігі;

-      Мемлекеттік қызметтегі шектеулер, оның ішінде лудомания және тағы да басқа мәселелер;

-      Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі, оның ішінде басқа мемлекеттік саяси немесе әкімшілік лауазымға орналасқан мемлекеттік қызметші алдыңғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолдану мерзімдері ескеріле отырып тартылу;

-      Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның жобасы және басқа да мемлекеттік қызмет саласындағы туындайтын мәселелер бойынша түсіндірме берілді.

         Кездесу барысында қызметкерлер тарапынан мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына қатысы бірқатар сұрақтар көтеріліп, нақты кейстер талқыланып, қойылған сұрақтарға толық түсіндірмелер ұсынылды.

         Бұдан бөлек, кездесу барысында Агенттік Төрағасының және Мәдениет және ақпарат министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген 2025-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасы жеткізілді. 

         Семинар барысында Мемлекеттік қызметке кіру тәртібінің жаңа форматы туралы және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 16 бабына енгізілген өзгерістер түсіндірілді.

Алдағы уакытта түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Адал азамат #идеал #мемлекеттік қызметшілер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);