AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / ӘЧ-2026-дан кейін «Алтын допқа» басты үміткерлер б...

ӘЧ-2026-дан кейін «Алтын допқа» басты үміткерлер белгілі болды

Спорт 26.07.2026, 15:33 550
ӘЧ-2026-дан кейін «Алтын допқа» басты үміткерлер белгілі болды

«Бавария» клубы мен Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн 2025/2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша әлемнің үздік футболшысы атанып, «Алтын допты» жеңуі мүмкін, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Squawka платформасы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін букмекерлік кеңселердің коэффициенттері негізінде жүлдеге үміткерлер рейтингін жариялады. Рейтингке сәйкес, Харри Кейннің жеңіске жету ықтималдығы 40 пайызға бағаланған.

Испания құрамасының әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін «Барселона» ойыншысы Ламин Ямальдың мүмкіндігі 33 пайызға дейін өсті. Ал Испания құрамасы мен «Манчестер Сити» клубының жартылай қорғаушысы Родри 22 пайыздық көрсеткішпен үшінші орынға көтерілді.

«Алтын допқа» үміткер бес футболшы:

  1. Харри Кейн — «Бавария», Англия құрамасы — 40 пайыз;

  2. Ламин Ямаль — «Барселона», Испания құрамасы — 33 пайыз;

  3. Родри — «Манчестер Сити», Испания құрамасы — 22 пайыз;

  4. Килиан Мбаппе — «Реал Мадрид», Франция құрамасы — 17 пайыз;

  5. Лионель Месси — «Интер Майами», Аргентина құрамасы — 9 пайыз.

«Алтын доп» жүлдесі 1956 жылдан бері табысталып келеді. Алғашында France Football журналы бұл марапатты тек Еуропаның үздік футболшысына берген. 1995 жылдан бастап үміткерлер қатарына әлемнің барлық елінен ойыншылар енгізіле бастады.

2022 жылдан бері дауыс беруге ФИФА рейтингіндегі үздік 100 елдің өкілдері ғана қатысады. Қазақстан құрамасы рейтингте 111-орында тұрғандықтан, еліміздің өкілдері жеңімпазды анықтау рәсіміне қатыспайды.

Биыл «Алтын доптың» 70 жылдығына арналған марапаттау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);