ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / ӘЧ-2022: Марокконың жеңісін Таяу Шығыс елдері тойл...

ӘЧ-2022: Марокконың жеңісін Таяу Шығыс елдері тойлап жатыр

Спорт 07.12.2022, 06:59 1,545
ӘЧ-2022: Марокконың жеңісін Таяу Шығыс елдері тойлап жатыр
Сурет: Football24.ua
Марокко сенсация жасап, 1/8 финалда Испанияны ұтты.

 Марокко сенсация жасап, 1/8 финалда Испанияны ұтты.


Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Марокконың Испаниямен өткен матчтағы сенсациялық жеңісін Таяу Шығыс елдері тойлап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Атлас арыстандары» аталып кеткен Марокко футболшылары араб елдері тарихында алғаш рет дүниежүзілік додада ширек финалға шықты.


Ар-Райян қаласындағы Education city стадионында Ашраф Хакимидің пенальти сериясындағы жеңіс голынан кейін араб және Африка елдерінің қалаларында мыңдаған жанкүйер жаппай тойлауға көшті.


Марокко араб елдерінің қолдауын бұдан бұрын да сезіне бастады. Өйткені Сауд Арабиясы, Тунис және Қатар топтық бәсекеден аса алмай қалды. Сондықтан жанкүйерлер назары F тобында үздік шыққан марокколық футболшыларға ауды.



«Біз күресе білдік және Марокко халқын бақытты еттік, біз тарихқа ендік. Біз бұған лайық едік, бізді алаңда марокко халқы біріктірді», - деді Марокко бапкері Валид Реграги тарихи матчтан кейін.



Оған және командаға Марокко королі Мохаммед VI телефон шалып, құттықтады.


Сонымен қатар жеңіс құрметіне Қатар әмірі Марокко туын көтерді.



«Атлас арыстандарын құттықтаймыз, бізді қуанттыңыз. Марокко, мұны тағы сен жасадың!», - деп жазды Иордания королі Рания Twitter-парақшасында.



Шейх Дубай вице-президенті, премьер-министрі және билеушісі Мохаммед бин Рашид Аль Мактум да құттықтап: «Атлас арыстандарының жеңісі – барлық арабтар үшін қуаныш пен мақтаныш», - деді.


Доханың өзінде мыңдаған марокколық жанкүйерлер астананың орталық базары «Сук Вакиф»-қа ағылды. Оларға жалауларын желбіреткен саудиялықтар, катарлықтар және мысырлықтар қосылды. Оған қоса Катардағы қос Лусаил мұнарасы Марокко жалауымен және «Жарайсыңдар, арыстандар!» деген жазумен айшықталды.


Бұған дейін Марокко құрамасы 1986 жылғы Мексикадағы әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде бір-ақ рет бақ сынады. Арада 36 жыл өткенде, сол көрсеткішінен асып түсіп отыр.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,294 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,182 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.