AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Әбиба Әбужақыноваға осымен үшінші көлік тарту етіл...

Әбиба Әбужақыноваға осымен үшінші көлік тарту етілді

Спорт 23.08.2024, 10:59 2,391
Әбиба Әбужақыноваға осымен үшінші көлік тарту етілді
Сурет: instagram.com/stories/abiba48

Париждегі Олимпиада ойындарының қатысушысы, дзюдошы Әбиба Әбужақановаға тағы бір көлік сыйға тартылды.

 

Өзінің Instagram парақшасында спортшы бұл сыйлықты әрі қарай тоқтап қалмауға және тынымсыз жұмыс істеуге тағы бір ынталандыру деп санайтынын жазды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Мен мұны көп жылғы еңбегім, күш-жігерім, төккен терім және үздіксіз жаттығуларым үшін марапат ретінде қабылдаймын», деп жазды дзюдошы.

Естеріңізге сала кетейік, Әбиба Әбужақынова жазғы Олимпиада ойындарында 5-ші орын алған болатын. Ол ақталмаған үміті үшін Қазақстан халқынан кешірім сұрады.

Ең бірінші болып дзюдошыға «Республика» партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров көлік мінгізсе, кейін Атырау облысының әкімі де темір тұлпардың кілтін табыстаған еді.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасында 48 кг салмақ дәрежесінде белдесті. Ол қола жүлдеге таласта швециялық Тара Бабулфаттан жеңіліп, бесінші орын алған болатын. Әбужақынова Парижде аралас командалық сынға да қатысты. Бұл сайыста Қазақстан құрамасы Бразилиядан 5:2 есебімен жеңіліп қалды. 57 кг салмақта белдесетін дзюдошы болмағандықтан, осы салмақта Әбиба ел намысын қорғап, Рафаэла Сильваға есе жіберген еді.

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әбиба Әбужақынова #Жаңа көлік #сыйлық #тарту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);