AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «ABAY PLAZA» сауда орталығы ашылды

«ABAY PLAZA» сауда орталығы ашылды

Әлеумет 14.08.2025, 17:34 570 Дана БОЛАТҚЫЗЫ
«ABAY PLAZA»  сауда орталығы ашылды
Суреттерді түсірген - Кайрат Қоныспаев

Алматы қаласында мерейтой қарсаңында «Abay Plaza» атты жаңа сауда орталығы өз есігін айқара ашты.

 Жаңа сауда кешені Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында, «Тигрохауд» кешенінің жанында орналас­қан. Сауда орталығының ашылуына Әуе­зов ауданының әкімдігі мен Алматы қала­сының кәсіпкерлік басқармасының өкілдері және тұрғындар қатысты.

Ғимаратта әртүрлі тұтыну тауарлары, соның ішінде еуропалық өндірушілердің киімдері ұсынылған заманауи сауда орындары орналасқан. Сондай-ақ, ке­лушілерге арналған мейрамхана кешені, қоғамдық тамақтану орындары мен сұлу­лық салондары жұмыс істейді.

«Тигрохауд» ЖШС бас директоры Аза­мат Шагитовтың айтуынша, «Abay Plaza» сауда орталығының құрылысы 2024 жыл­дың сәуір айында басталып, жоспарға сәйкес аяқталған. Құрылысты жүзеге асы­руға Алматы қаласының кәсіпкерлік бас­қармасы мен Әуезов ауданының әкімдігі қолдау көрсеткен. Сонымен қатар, «Almaty Finance» тарапынан инвестиция­лық қолдау көрсетілген. Қазіргі уақытта «Abay Plaza» кешенінде 50-ден астам сауда нүктесі жұмыс істейді.

Аталған нысан – тек заманауи архи­тектуралық шешім емес, ұлттық рух пен төл мәдениеттің үйлесім тапқан кеңістігі. «Abay Plaza» – сән-салтанаты келіскен сауда, қоғамдық және зияткерлік орын, әрі қазақ халқының мәдени коды мен болмысын заманауи форматта ұсынатын ерекше кеңістік. Ғимараттың ішкі және сыртқы көрінісі мен безендіруінде Абай дәуірінің бояуы, қазақы өрнек, ұлттық нақыш кеңінен қолданылған. Кілем мен кесте элементтері, киіз үй формасындағы шағын демалыс аймақтары келушіге руха­ни әсер сыйлап, ұлттың өткені мен бүгінін байланыстырады.

Ашылу рәсімінен ерекше әсер алған қонақ Сәуле Батырбекова:

– Абай – тек өткеннің емес, бүгін мен болашақтың да шамшырағы. Бұл орталық­тың ашылуы – оның мұрасын ұлықтап, ұр­пақ санасына жеткізу жолындағы үлкен қа­дамдардың бірі. Абай Құнанбайұлының «Толық адам» тұжырымдамасы, адам­гершілік пен білімге негізделген ілімі – орта­лықтың идеялық өзегіне айналмақ.

 Бұл – тек бір ғимарат емес, ұлт санасына ой салар, жастарға бағыт-бағдар берер, руханиятты тірілтер жаңа кеңістік болары­на сенемін», – деп атап өтті.

Ұлы Абайдың туған күнінде осындай игі істің жүзеге асуы – елдің рухани жаң­ғыру жолындағы нақты қадамы. «Abay plaza» – зияткерлік кеңістік пен мәдени құндылықтар үйлесім тапқан орталыққа айналары сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Abay Plaza #Сауда орталығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);