ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Абай университеті – әлемдік QS рейтингінде «Бес ж...

Абай университеті – әлемдік QS рейтингінде «Бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Білім және ғылым 06.11.2025, 14:13 350
Абай университеті – әлемдік QS рейтингінде  «Бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды
сурет: Абай университетінен
Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы педагогикалық бағыттағы көшбасшы Абай университеті QS Stars халықаралық рейтингтік жүйесі бойынша «Бес Жұлдыз» үздік белгісін иеленіп, өзінің позициясын одан ары...

Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы педагогикалық бағыттағы көшбасшы Абай университеті QS Stars халықаралық рейтингтік жүйесі бойынша «Бес Жұлдыз» үздік белгісін иеленіп, өзінің позициясын одан ары нықтай түсті. Бұл мәртебелі марапат еліміздің тұңғыш жоғары оқу орнына академиялық, ғылыми-зерттеу, әлеуметтік қызмет және тиімді басқару бағыттарындағы жетістіктері үшін табыс етілді.

Корея Республикасының Сеул қаласындағы Korea университетінде Азиядағы жоғары білім ордалары үшін аса әлеуетті «QS Higher Ed Summit: Asia Pacific – 2025» саммитінің өтіп жатқанына бүгін үшінші күн. Осы салтанатты жиын барысында Абай университеті QS Stars жүйесі бойынша «Бес Жұлдыз» үздік белгісін иеленіп, Қазақстан жоғары оқу орындарына үлкен серпіліс әкелді. Бұл мәртебелі атақ – «5 Stars» үздік белгісі университеттің академиялық, ғылыми-зерттеу, әлеуметтік қызмет және тиімді басқару бағыттарындағы жетістіктері үшін беріліп отыр.

QS Stars рейтингі – жоғары оқу орындарын оқыту сапасы, ғылыми зерттеу, түлектердің жұмысқа орналасуы, әлеуметтік жауапкершілік және басқару тиімділігі сияқты негізгі бағыттар бойынша кешенді бағалайтын халықаралық жүйе. Бұл бағалау әр университеттің бірегей артықшылықтарын айқындап, олардың жаһандық білім кеңістігіндегі орнын көрсетеді.

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-Ректор Болат Тілепке салтанатты түрде табыс етілді. Онда QS Stars жүйесі бойынша аудиттен сәтті өткен және жоғары нәтижелерге қол жеткізген Азияның үздік университеттері аталды.

– Университеттің кешенді аудиттен өтуі біздің мықты және әлсіз тұстарымызды айқындауға әрі даму бағыттарымызды нақтылауға мүмкіндік берді. Ал «Бес Жұлдыз» рейтингі – халықаралық деңгейде бүкіл ұжымымыздың жүйелі, мақсатты және қажырлы еңбегінің мойындалуының айқын дәлелі», – деді ректор.

Осылайша, Абай университеті «Болашақ жоғары білім» саммитінде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, Қазақстанның жоғары білім саласының сапасы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Естеріңізге сала кетейік, білім берудегі жаңа технологиялар, демографиялық өзгерістер және Азия университеттерінің тәжірибесі биылғы саммиттің басты тақырыбына айналды. Панельдік сессияларда стратегиялық ынтымақтастық негізі тренд ретінде қаралды. Халықаралық басқосу қазіргі университеттер үшін географиялық орналасу немесе елдің экономикалық даму деңгейі басты нәрсе емес екені айқындап, ғаламдық академиялық қауымдастықты біріктіретін стратегиялық әріптестік желілері мен оларды дамыту маңызды екенін көрсетті.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ
Баспасөз қызметі

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.