AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Абай театры: Джакомо Пуччини апталығын ұсынады

Абай театры: Джакомо Пуччини апталығын ұсынады

Не? Қайда? Қашан? 23.01.2025, 13:01 770 Bakyt
Абай театры: Джакомо Пуччини апталығын ұсынады
Almaty-akshamy.kz

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры алдағы аптада атақты италиялық композитор Джакомо Пуччинидің шығармаларын ұсынады. Театрдың жетекші опера солистері, симфониялық оркестрі мен хоры өнер көрсетеді. Концерт пен спектакльдің дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері НҰРЖАН БАЙБОСЫНОВ.

 

23 қаңтар 2025 ж.

Сағат 19:00


«МАДАМ БАТТЕРФЛЯЙ»

Үш бөлімді опера

Либретто: Луиджи Иллика мен Джузеппе Джакоза
Шығарма негізі – Дэвид Беласконың пьесасы, ол Джон Лютер Лонгтың «Мадам Баттерфляй» новелласына сүйеніп жазылған.

Операның премьерасы 1904 жылдың 17 ақпанында Милан қаласындағы «Ла Скала» театрында өтті.

Оқиғалар Жапонияда өрбиді және жас гейша Чио-Чио-санның (Баттерфляй) тағдырын баяндайды. Ол америкалық теңіз офицері Бенджамин Франклин Пинкертонға ғашық болып, онымен некелеседі. Алайда, офицер оны тастап, өз еліне қайтып кетеді. Чио-Чио-сан оның оралуын үмітпен күтеді, бірақ оқиғалардың трагедиялық желісі бәрін өзгертеді.

Бұл шығарма – Шығыс пен Батыс мәдениеттері арасындағы айырмашылықтарды, сондай-ақ жеке трагедияның тереңдігін ашып көрсететін либретто.

Рөлдерді сомдаушылар:

Чио-Чио-сан (Баттерфляй): Қазақстанның халық әртісі ЖӘМИЛӘ БАСПАҚОВА

Сузуки (қызметші): Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ДИНА ХАМЗИНА

Пинкертон: Халықаралық байқаулардың лауреаты БАЛУАН БЕРКЕНОВ

Кэт Пинкертон: АРУЖАН ТӨЛЕПБЕРГЕН (алғашқы орындау)

Шарплес: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ОЛЕГ ТАТАМИРОВ

Горо: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері БОЛАТ БӨКЕНОВ

Бонза: АЗАМАТ МАЛЫШОВ

 

 

25 қаңтар 2025 ж.

Сағат 18:00


ГАЛА-КОНЦЕРТ

«ДЖАКОМО ПУЧЧИНИ»

 

Бағдарламада әйгілі «Тоска», «Турандот», «Богема», «Мадам Баттерфляй» операларынан үздік ариялар мен көріністер қойылады.

Концертке қатысатындар:
Қазақстанның халық әртісі ЖӘМИЛӘ БАСПАҚОВА,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ГҮЛЗАТ ДӘУРБАЕВА,
ЗАРИНА АЛТЫНБАЕВА, АЯЖАН ҚУАНШАЛИЕВА, НАРГИЗ САТМҰХАМБЕТОВА, АНЖЕЛЛА ШАГАРОВА, АЙГЕРІМ ШӘРІПБЕК, НҰРҒАЛЫМ АМАНБАЙ, БАЛУАН БЕРКЕНОВ, ДАРХАН ЖОЛДЫБАЕВ, БОЛАТ ҚАНАҒАТОВ, ЕРУЛАН КАМЕЛ, МАҚСАТ САМАТОВ, ТАИР ТӘЖІ, ЕВГЕНИЙ ШАГАРОВ

Дирижер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері НҰРЖАН БАЙБОСЫНОВ
Хормейстер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ӘЛИЯ ТЕМІРБЕКОВА
Режиссер: НАТАЛЬЯ КАГАДИЙ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Джакомо Пуччини #опера #театр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);