AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Абай облысындағы "Семей орманы" территориясында та...

Абай облысындағы "Семей орманы" территориясында тағы да өрт шықты

Оқиға 04.08.2023, 13:50 1,327
Абай облысындағы "Семей орманы" территориясында тағы да өрт шықты
Сурет: Zakon.kz

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.



"4 тамызда сағат 15:30-да ТЖМ-ның Абай облысындағы бөлімшесіне "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының территориясында от шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өртті жедел жоюға жәрдем көрсету мақсатында оқиға орнына Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу аттанды", делінген хабарламада.

Әуеден барлау және су төгетін құрылғыны қолдана отырып, өртті сөндіру үшін ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшақтары оқиға орнына аттанғаны да нақтыланады. 


Қазіргі уақытта ТЖМ мен орман шаруашылығынан тартылған күштері мен құралдарының саны шамамен 130 адамды және 25 техниканы құрайды.


"Оқиға орнына қосымша көмек күші ретінде Астана және Қарағанды облысынан төтеншеліктер күштері мен техникасын тарту мәселесі қарастырылуда", деп нақтылайды ведомстводан.

Резерваттың алдын-ала ақпараты бойынша, өрт алаңы шамамен 15 гектарды құрайды.


Төтеншеліктер халықты өрт қауіпі кезеңінде өте сақ болуға  шақырады.


Айта кетсек, маусым айында Абай облысында орман өртеніп, 60 мың гектар жасыл желек жарамсыз болып қалды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай облысы #Семей орманы #өрт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);