Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Абай облысында өрт сөндірушінің бірі көз жұмды

Абай облысында өрт сөндірушінің бірі көз жұмды

Әлеумет 08.09.2022, 10:55 1,319
Абай облысында өрт сөндірушінің бірі көз жұмды

Сержант Айдос Тоғызбаев ауруханада көз жұмды. 


Абай облысында табиғи өртті сөндіру кезінде 3 өрт сөндіруші күйік жарақатын алып, олардың бірі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Мәлім етілгендей, 7 қыркүйек күні сағат 13.35-те «112» кезекші пультіне Абай облысы Жарма ауданының Бозжыра ауылдық округі Бірінші ауылының учаскесінде құрғақ шөп жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Шақыру орнына №22 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жіберілген.



«Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер дереу жалынмен күреске кірісті. Өрт сөндіру автоцистернасы отты сөндіру үшін су жеткізіп жүрген Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнының КамАЗ (12 текше метр) көлігінен су алып жатқан еді. Осы кезде жел бағыты өзгеріп, лаулаған от автоцистернаға қарай жылжыды. Техниканы эвакуациялау жолдарының барлығы жан-жағынан отқа оранып кетті. Биіктігі екі метр қарағаштар жанып жатты.



Өрт сөндірушілер өрт-техникалық қару-жарақты жинауды тоқтатып, шұғыл эвакуациялауға кірісті. Автоцистерна мен су тасымалдайтын КамАЗ көлігі толығымен жанып кетті.


Салдарынан өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі Амангелді Тұрлыбеков пен өрт сөндіру бекетінің жүргізуші-қызметкері Айдос Тоғызбаев, өрт сөндіруші-құтқарушы Нұрлан Сәлімжан түрлі дәрежеде күйік алып, Жарма ауданы Шар қалалық ауруханасына жеткізілді», - делінген министрлік хабарламасында.


Сержант Айдос Тоғызбаев ауруханада көз жұмған. Ол қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлық ерлігі үшін ІІІ дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасына ұсынылды. Жасы 36-да болған. Азаматтық қорғау органдарында 2019 жылдан бастап қызмет еткен. Артында әйелі мен 5 баласы қалды.



«Төтенше жағдайлар министрлігі Айдос Тоғызбаевтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Айдос өз ісінің маманы ретінде әріптестердің есінде мәңгі қалады. ТЖМ қайтыс болған өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді. Абай облыстық ТЖД психологтары өрт сөндірушінің туыстарына көмек көрсетіп жатыр», - деді министрліктен.



Жалын 500 га аумақты шарпыған. Тілсіз жау 8 қыркүйек күні сағат 5.40-та сөндірілді.



«Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамынан 14 адам мен 5 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Елімізде қызметтік міндеттерін атқару кезінде өртке қарсы және құтқару қызметтерінің 65 қызметкері қаза болды», - деді ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай облысы #өрт #қаза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.