AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Абай мерейтойы аясында бірнеше іргелі еңбек жарық...

Абай мерейтойы аясында бірнеше іргелі еңбек жарық көрді

Мәдениет 12.08.2025, 12:10 1,255
Абай мерейтойы аясында бірнеше іргелі еңбек жарық көрді
Facebook.com

Абай мерейтойы аясында үш іргелі еңбек жарық көрді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Ұлы ақын Абайдың 180 жылдығы аясында бес туынды жарық көрді. Кітаптар Ақберен Елгезектің "Абай" баспасынан жарық көрген, тұсауы 9 тамызда Семейдегі Шәкәрім университетінде өткен "Адамзаттың Абайы: Руханият, парасат, таным" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының аясында кесілген.

 5 кітаптың үш жинағын абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Базарбек Атығай құрастырған. 
 

"Абайдың аударма мектебі" атты ғылыми еңбекте қазақтың кәсіби көркем аудармасының бастауы, жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдан тағылым алған Шәкерім Құдайбердіұлы, Әсет Найманбайұлы, Уәйіс Шондыбайұлы, Тұрағұл Абайұлы, Даниял Ысқақовтардың көркем аудармаларына ғылыми тұрғыда теориялық, текстологиялық талдау жасалған. Шәкерім, Тұрағұл, Даниялдың өмірлеріне, қоғамдық қызметтеріне қатысты архивте сақталған тың деректер мен түпнұсқа қолжазбалар берілген.

"Даниял Ысқақов шығармалары" жинағы – қазақтан шыққан тұңғыш қаржыгер, ағартушы, аудармашының әдеби мұрасын тұтас қамтыған алғашқы басылым. Ол – Кәкітай Ысқақовтың ұлы, Абайдың тұңғыш жинағын Санкт-Петербургтен Шыңғыстауға жеткізген тұлға.

Үшінші еңбек – "Шейіт" кітабы. Мұнда ұлы гуманист, ойшыл Шәкерім Құдайбердіұлының өмірінің соңғы кезеңі, қазаға ұшырауы, оған қатысты мұрағат деректері мен естеліктер салыстырмалы зерттеу арқылы берілген.

Ал "Халиолла" атты кітаптың авторы - Әсет Медеуханұлы. Ал Ахат Шаһкәрімұлының "Жалынға малған жүрегін" кітабын құрастыруға ақын Мерей Қарт және Жаңыл Әділбекқызы атсалысқан. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай құнанбайұлы #кітаптар #Базарбек Атығаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);