AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Абай және әл-Фараби даңғылдарында орташа жөндеу жұ...

Абай және әл-Фараби даңғылдарында орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуі туралы 

Әлеумет 12.06.2023, 09:07 1,288
Абай және әл-Фараби даңғылдарында орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуі туралы 
almaty-akshamy.kz

Әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Асқаров көшесіне дейінгі жалпы ұзындығы 9 шақырымнан асатын бөлігінде көлік қозғалысын ішінара шектей отырып  орташа жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар 6 маусымнан бастап әл-Фараби даңғылында Есентай өзенінен өтетін көпір бойында реконструкция жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Жоба бойынша көпір реконструкциядан өтіп, екі жаяу жүргіншілерге арналған арнайы көпір салынатын болады. Қазіргі таңда инженерлік коммуникацияларды қайта орналастыру және айналып өту жолын ашу үшін бөлу жолағында дайындық жұмыстары жүріп жатыр.



Сондай-ақ орташа жөндеу жұмыстары Абай даңғылының Достық даңғылынан Тілендиев көшесіне дейінгі бөлігінде де басталды. Қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін жұмыс барысында көлік қозғалысы ішінара ғана шектеледі. Магистралды көшелердің орташа жөндеу жұмыстарын оқу жылының басына дейін аяқтау жоспарланған.


Әл-Фараби даңғылы бұған дейін 2010 жылы, ал Абай даңғылы 2012 жылы жөнделген. Жөндеуаралық мерзімнің өтуіне байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліа, нәтижесінде жол бойында шұңқыр, ойылған, жарылған, отырған жерлер анықталып, жолдың жағдайы туралы техникалық қорытынды жасалды. Техникалық қорытынды негізінде аталған учаскелерді орташа жөндеу жұмысы жоспарына қосылды. 



Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысының шектелуі туралы ақпарат БАҚ арқылы алдын ала жарияланып отыратын болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.


Алматы қалалық мобилділік басқармасы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Достық #жолжөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);