AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Абай даңғылын орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен б...

Абай даңғылын орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды

Әлеумет 14.08.2023, 11:54 1,025
Абай даңғылын орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды
almaty-akshamy.kz

Ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстары аясында ұзындығы 6,5 шақырым құрайтын Абай даңғылының Тілендиев көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде  орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Алдыңғы орташа жөндеу жұмыстары бұл бөлікте 2012 жылы жүргізілген. Жөндеуаралық мерзімнің өтуіне байланысты тексеру жүргізіліп, оның барысында асфальтбетон жабынында шұңқырлар, жарықтар торы, ұсақталу түріндегі ақаулар анықталды және жолдың ағымдағы жағдайы туралы техникалық қорытынды жасалды. Техникалық қорытынды негізінде Абай даңғылын орташа жөндеу жоспарына енгізу туралы шешім қабылданды.



Осылайша, шілде айында орташа жөндеу жұмыстары басталып, оны ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін аяқтау жоспарланған болатын. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жұмыстар түнде жүргізілді. Жөндеу жұмыстары барысын жылдамдату мақсатында даңғыл бойынша екі мердігер ұйым қатар жұмыс жасап, көлік жүретін бөлікті 12 тамыз күні аяқтауға мүмкіндік туындады. Тротуарларды жөндеу жұмыстары 31 тамызға дейін аяқталатын болады.


Қазіргі таңда даңғыл бойынша жол таңбаларын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Еске сала кетейік, биылғы жол жөндеу маусымында қалада алғаш рет полимерлі асфальтбетон жабыны қолданылуда. Жол құрылысында полимер қоспасын пайдалану жабын сапасы мен төзімділігін арттырып, битумның жуылып кетуінің алдын алады. Сонымен қатар, полимер жол жабынының пайдалану ұзақтығын арттырып, беріктігі мен аязға төзімділігін қамтамасыз етеді.




Жалпы, қала әкімдігі биыл 200 шақырымнан асатын 230 көшені орташа жөндеумен қамтуды жоспарлап отыр. Қала бойынша 3097 шақырымды құрайтын 2746 көше бар. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін биыл 86%-дан 89%-ға, ал 2025 жылға дейін 95%-ға жеткізу жоспарланған, Аталған мақсатта жыл сайын кемінде 200 км жол жөнделіп отыруы қажет. Осылайша, көрсетілген жұмыс көлемі жол инфрақұрылымын жақсарту жоспарларына сәйкес келеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Абай #Көше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);