Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Абай даңғылын жөндеу жалғасуда: келесі учаскеде ке...

Абай даңғылын жөндеу жалғасуда: келесі учаскеде кестеге сәйкес жұмыс басталады

Әлеумет 28.07.2023, 13:30 810
Абай даңғылын жөндеу жалғасуда: келесі учаскеде кестеге сәйкес жұмыс басталады
Almaty-akshamy.kz

Абай даңғылындағы жол жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Қазіргі уақытта батыс бағытта Достық даңғылынан Есентай өзеніндегі көпірге дейінгі және шығыс бағытта Тілендиев көшесінен Әуезов көшесіне дейінгі аумақтарда жөндеу жұмыстары толық аяқталып, көлік қозғалысы толықтай қалпына келтірілді.


Келесі бөлік – Есентай өзенінен Наурызбай батыр көшесіне дейін. 28 шілде сағ.23-00-ден 30 шілде 06-00-ге дейін даңғылдың солтүстік бетінде полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы толық шектеледі.


Жабық жерлерді Сәтбаев, Құрманғазы көшелері арқылы айналып өтіге болады. Наурызбай батыр, Байтұрсынов көшелері мен Сейфуллин даңғылы арқылы кесіп өтетін жол ашық болады. 


Орталық стадионға кіріп, шығатын жол, Масаншы көшесінен Абай даңғылына солтүстік бағытта бұрылатын жолда қозғалыс шектеледі. Сәтбаев және Байтұрсынов көшелері арқылы айналып өтуге болады.


Жол-көлік оқиғасының алдын алу және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылады.


Жөндеу жұмыстарын жүргізу учаскелері туралы өзекті ақпарат қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының (@qmb_almaty) ресми парақшаларында, сонымен бірге, 2ГИС қосымшасында қолжетімді болады.


Естеріңізге салайық, Алматыда алғаш рет полимерлерді пайдаланып, асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсарту температурасы жоғары (65-70°C), сондықтан ыстыққа төтеп беріп, әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді – 8-10 жыл пайдалануға болады. 


Жол жөндеу 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында қолға алынған. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдарының бізге ұзағырақ қызмет етуі үшін қажетті шара. Жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлап алуларыңызды сұраймыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай #Көше #жолдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.