AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Абай атындағы театрда премьера өтті

Абай атындағы театрда премьера өтті

Барлығы 29.11.2025, 19:30 835
Абай атындағы театрда премьера өтті
Самат Құсайынов

Алматыда «Ұлы Жібек Жолы» балетінің премьерасы өтті.
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында көрермен көп жиналды. Жоғары классикалық өнерді бағалайтын алматылықтар мен қала қонақтары Әйгерім Еркебаеваның музыкасымен қойылған екі бөлімді «Ұлы Жібек жолы» балетін тамашалауға келді. Премьераның идеясы, либреттосы мен  хореографиясы Қазақстанның халық артисі Гүлжан Түткібаеванікі.

Қойылым философиялық притча мен заманауи метафораны тоғыстырады: спектакль суық цифрлық болашақта, адамдар бір-бірінен оқшауланған әлемде басталады.

Жай ғана керуенді көрсету заманауи көрерменге қызық емес. Бұл жерде өз концепцияңды табу маңызды. Мен Жібек жолы дәуіріне алыс болашақтың призмасы арқылы қарауды жөн көрдім, — дейді Гүлжан Түткібаева.

Оның айтуынша, балет дәстүрдің құндылығы мен адам жүрегінің жылуы туралы ой қозғайды.

Нағыз сезімдерді сақтап қалған Жігіт заманы өткен Қартқа жолығады. Қарт оны өткен шаққа — жанданып тұрған Шығыс әлеміне жетелейді: керуен-сарай, базар, саудагерлер тіршілігі. Осы жерде ол пәктік символы — Аксұнқар қызды кездестіреді. Алайда қиял-елес бейнесіндегі айнашы көпес қызды ұрлап әкетеді.

Екінші актіде кейіпкер сын-қатерлерден өтіп, нәпсі мен арбаулармен күресіп, ішкі жарығын табады. Ол антагонисті жеңгенімен, Ақсұнкар жоғалып кетеді, тек сәулесі ғана қалады. Болашақ мегаполисіне оралған Жігіт өткеннің нұрын адамдарға әкеледі — қала да біртіндеп жандана бастайды.

Ақсұнкар партиясының орындаушысы Жанель Түкеева өз кейіпкері туралы ой бөлісті:

Бұл — жарық, жас әрі нәзік қыздың бейнесі. Жігіт оны билік, байлық, азғырулардан өтіп іздейді. Ол қыздың жанын құтқарғанымен, кеш қалады. Соған қарамастан, өз заманына адамгершілікті қайтарады. Балеринаның айтуынша, жоба оның жүрегіне жақын болған.
– Мен бұл жұмысқа идеяның туу сәтінен бастап қатыстым, — деді ол.

Премьера дәстүр мен заманауилықты тоғыстырған жарқын мәдени оқиғаға айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #театр #премьера
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);