ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / АӘК «аштан өлтірмейді»: 50 мыңнан астам отбасы кед...

АӘК «аштан өлтірмейді»: 50 мыңнан астам отбасы кедейлік жағдайынан шыққан

Әлеумет 17.04.2025, 10:28 511
АӘК «аштан өлтірмейді»: 50 мыңнан астам отбасы кедейлік жағдайынан шыққан
Сурет: Gov.kz
Өткен жылы атаулы әлеуметтік көмек алған 50,9 мың отбасы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында кедейлік жағдайынан шықты.

Өткен жылы атаулы әлеуметтік көмек алған 50,9 мың отбасы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында кедейлік жағдайынан шықты.

Аталған кезеңде жалпы сомасы 39,5 млрд теңгеге 78,1 мың отбасындағы 413,7 мың адамға АӘК берілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірлік бөліністе АӘК алушылардың ең көп саны Түркістан облысында – 15,8 мың отбасы (20,3%), Шымкент қаласында – 8,8 мың отбасы (11,3%), Алматы облысында – 6,1 мың адам отбасы (7,8%), Қызылорда облысында – 6,4 мың отбасы (8,1%) болды.

АӘК алушылар ең аз өңірлердің ішінде Ұлытау облысы – 363 отбасы (0,5%), Атырау облысы – 840 отбасы (0,9%), Солтүстік Қазақстан облысы – 1,2 мың отбасы (1,5%).

АӘК алушылардың құрылымында басым көпшілігі балалардың үлесіне – 66,6% немесе 275,5 мың адам; жұмыс істейтін азаматтар – 17,8% немесе 59,8 мың адам; балаларды, қарттарды және мүгедектігі бар адамдарды күтетін адамдар – 12,2% немесе 50,3 мың адам; қалған 3,4% азаматтардың басқа санаттарына тиесілі.

АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлемдер түріндегі қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК мыналарды көздейді:

- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру.

- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, оқуға жіберу  және тағы басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу..

Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының тұрғыны Нұргүл Дуанова мемлекеттік қолдау шаралары аясында оқудан өтіп, мамандық алып, табысты жұмысқа орналасты. Нәтижесінде Нұргүлдің сүйікті ісі табыс әкелетін жұмысқа айналды.

«Біздің үлкен отбасымыз 2020-2024 жылдар аралығында атаулы әлеуметтік көмек алатын. Содан кейін мен «кондитер» мамандығы бойынша кәсіптік оқыту курстарынан өттім. Оқуды аяқтағаннан кейін 2024 жылдың тамыз айында мен «Happy Cake» кондитерлік цехына жұмысқа тұрдым, онда осы күнге дейін жұмыс істеймін», – деді Нұргүл Дуанова.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап АӘК-ке үміткер отбасылардың материалдық жағдайын тексеруді жүзеге асыратын учаскелік комиссиялардың қызметін цифрландыру үшін мобильді қосымша енгізілді. Бұл шара әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім шығару кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, сондай-ақ өтініш берушінің тұрғылықты жерін анықтауға және оның материалдық жағдайын суретке түсіруге бағытталғанын айта кетейік.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,310 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.