AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / 9 маусым – Халықаралық архивтер күні

9 маусым – Халықаралық архивтер күні

Мәдениет 09.06.2025, 10:15 649 dulatbekova
9 маусым – Халықаралық архивтер күні
Сурет: t.me/madenietaqparat

Бұл кәсіби мерекені 2007 жылы қарашада Квебек қаласында өткен Бас ассамблеяда Халықаралық архив кеңесі (International Council on Archives, ICA) ресми түрде бекітті.

Мерекенің датасы кездейсоқ таңдалмаған. Дәл осы күні 1948 жылы ЮНЕСКО-ның қолдауымен Халықаралық архив кеңесі құрылды. Бұл ұйымның құрылған күніне орай Халықаралық архив күні бекітілді. Ал 2008 жылы алғаш рет мереке тойланған кезде ХАК-тің құрылғанына 60 жыл толды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Елімізде құжаттарды сақтайтын 236 мемлекеттік архив бар. Соның ішінде 5 республикалық, 5 арнаулы, 1 Президент архиві және 225-і облыстық, қалалық, аудандық архивтер жұмыс істейді.

Республика бойынша архив қызметкерлерінің саны – 3 мыңнан астам.  Еліміздегі барлық архивтер Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңына сай қызмет атқарады. Архив қоры жыл сайын орта есеппен 16 мыңнан астам ұйымнан 300-400 мың іспен толықтырылады.

Қазіргі таңда ҚР Ұлттық архив қорында 27.5 млн-нан астам құжат сақталады. Архив халықтың деректі жадының сақтаушысы ретінде елдің зияткерлік меншігі мен мәдени игілігінің тұтастығымен сақталуын қамтамасыз етеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#архивтер күні #кәсіби мереке #атаулы күн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);